ӘЛЕУМЕТ

Ұлы тұлғаның ұлы істері

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 20.03.2019
Оқылды: 441 Печать страницы

Ағымдағы жылдың 19 наурызы күні елімізді 30 жылға жуық басқарған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мерзімінен бұрын отставкаға кетті. Бұл жағдай Қазақстанда ғана емес бүкіл әлемде үлкен орын алған саяси жағдай болды. Іштей қимаймыз. Рас! Бірақ Елбасының бұл шешімінің өзі айтқандай оңай болмағандығын да жақсы түсінеміз. Ол қазақ халқы үшін Тұңғыш Президент қана емес, ол қазақ мемлекетінің негізін қалаушы. Тұңғыш Президентіміз өкілеттік мерзімінде өте үлкен, сапалы маңызға толы  еңбек атқарды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды.   Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді. Еліміз егемендігін алып, өз бетінше өмір сүріп, болашаққа аяқ басуына, осы кезге жетуіне үлкен ықпалын тигізді. Шетелдермен дипломатиялық қатынас жасап берік саясатты ұстанды. Өте үлкен жауапкершілікті абыроймен атқарды, халықтың жайлы, бейбітшілік заманда өмір сүруіне жағдай жасады. Мемлекетіміздің тамыр жайып, нығаюына, аяқтан тік тұруына зор ықпал етті. Өз мемлекетіміздің ғана емес әлемнің саяси ахуалына араласып, оң шешімдерін ұсынып, мәселелердің шешілуінде өзіндік рөлі бар екенін дәлелдей білді. Нұрсұлтан Әбішұлы – әлемдік саясаттағы ең беделді тұлғалардың бірі. Қазақстан үшін Назарбаев – тарихи тұлға. Н.Назарбаевқа үлкен құрметпен шексіз алғысымызды білдіреміз.

Көксу ауданы мәслихатының депутаты

Қ.Қарабасов

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.