
Бүгін «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов "Уыз май" ЖШС-нің еңбек ұжымымен онлайн форматта Skype бағдарламасы арқылы кездесу өткізді. Онлайн жүздесу барысында Мәлік Аманбайұлы партияның сайлауалды бағдарламасымен бөлісті. Сонымен қатар ол онлайндық үгіт-насихат жиынына қатысқандардың тарапынан келген сауалдарға жауап беріп, ұсыныс-тілектерін қойын дәптеріне түртіп алды. 10 желтоқсан күні болатын сайлауға шақырып, партияға дауыс берулерін де сұрады. Зауыт туралы айтар болсақ, бұл жерде заман талабына сай батыс еуропалық құрылғылар орнатылған, олар соя бұршақтарын өңдейді. Зауытта жарманы сақтайтың екі ірі қойма, салқын орын бар. Сояның сапасын тексеру үшін арнайы лаборатория жұмыс жасайды. «Компания ең жақсы шикізатты таңдап алады. Оны жоғарғы технологиялық құрылғыда өңдеп, серіктестеріне экологиялық таза, пайдалы өнімді жіберіп отырады. Тұрақтылық, қаржылық сенімділік және жоғары технологиямен соя өндіру - «Уыз Май Industry» компаниясының жұмысын алға жылжытып отырған фундаменті. Қазіргі кезде елімізде асыл тұқымды мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы, сондай-ақ мал азығы өндірісі қарқынды дамып келеді. Сондықтан да кәсіпорынның өнімі сұранысқа ие. Негізгі сатып алушылар: «Алель Агро» АҚ, Өскемендегі құс фабрикасы, басқа да аймақтардағы құс фабрикалары. Ірі және ұсақ ауыл шаруашылығы үшін зауыт үлкен жәрдем болып отыр. Ауыл тұрғындары соя өсіріп жұмыс жасап жүр, ертеңгі күндеріне сенімді. Шаруалардың айтуынша, олардың өнімі далада қалмайды. Бүгінде кәсіпорында 200 ден аса адам жұмыс жасайды. Еңбекақылары уақытында төленеді. Зауыттың жұмысы мемлекеттің де назарынан тыс қалмай, үлкен бағаларға ие болған.