ӘЛЕУМЕТ

ҚАЗАҚ ЕЛІ ҮШІН ЕРЕКШЕ ТҰЛҒА

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 20.03.2019
Оқылды: 431 Печать страницы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев билікте отырған 30 жыл ішінде Қазақстан экономикасы мұнай мен газға бай ресурсының арқасында жоғары қарқынмен дамуда үлкен үлес қосты. Еліміз үнемі даму үстінде, әрі таңғалдырарлықтай жетістіктерге жетті. Қазақстанның әлі талай асуларды бағындырып, дамуы тиіс  биік шыңдардан көрінетініне көзім анық жетеді. Қазақ елі  үшін  Нұрсұлтан Әбішұлы  ерекше тұлға . Менің ойымша, Қазақстан тек Орта Азияға емес, бүкіл әлемге айтарлықтай ықпалы тиетін елге айналады. Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қарасам, болашақта тамаша елде өмір сүретінімізге кәміл сенемін.

20 наурыз еліміз үшін айтулы дата. Себебі, Тұңғыш Президентіміз өз өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Мәскеу   мемлекеттік  халықаралық  қатынастар  институтының  түлегі, ғылым докторы. Ағылшын және қытай  тілдерін  еркін  меңгерген. Басшылық  лауазымдарда  қызмет етіп, мол  тәжірибе  жинаған. Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Бас  хатшысының  орынбасары  болып  жұмыс істеді. Бұл – оның  дипломат  ретінде сіңірген  еңбегінің  және Қазақстанға  зор  сенімнің  жемісі. Қазақстанның  тәуелсіздігінің  алғашқы  күндерінен  бастап Елбасымен  бірге  жұмыс  істеп келеді. Елбасы  Тоқаевты   жақсы  біледі. Ол –адал әрі  жауапкершілігі жоғары  азамат. Тоқаев  барлық  бағдармаларды  әзірлеуге және  қабылдауға  атсалысқан  адамдардың  бірі. «Қасым –Жомарт  Кемелұлы Қазақстанды  басқаруға  нағыз  лайықты  азамат  деп  сенемін», -  деді  Нұрсұлтан  Назарбаев. Қасым –Жомарт  Тоқаев  Қазақстан халқына адал қызмет етеді  деп  сенемін.

 «Елбасы – саясаттағы  ұлы   ұстазым» деп санайтын Қасым-Жомарт Кемелұлы – Нұрсұлтан Әбішұлы салып кеткен сара жолмен елімізді биік шыңдарға шығарады деген үміттемін!

 

АЙГҮЛ АЙМАНБЕКОВА,

Көксу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.