ӘЛЕУМЕТ

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 29.12.2020
Оқылды: 2455 Печать страницы
КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мұқыры ауылына арнайы барып қайтты. «Қайнар» шаруа қожалығындағы басқосуға  Алматы облысының «Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Қыдырманов Әсет Серікқалиұлы, «Қыдырәлі» шаруа қожалығының басшысы Секенбай Шеңгелбаев, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушысы, жекпе-жек өнерінен Азия ойындарының чемпионы және алтын жүлдегері, ҚР спорт шебері Күрішбаева Ділдаш Нариханқызы қатысты. Олар аталған қожалықтағы ұжымның еңбеккерлерімен және ауыл тұрғындарымен партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында жолыққан болатын. Облыстық депутаттыққа үміткер ретінде олар өздерінің де алдағы уақытқа дайындаған жұмыс жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар кездесуге қатысқандар өздерінің сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін де білдірді. Атап айтар болсақ, тұрғындар Мұқыры ауылдық округіне қарасты елді-мекен 10 жылдық Қазақстан ауылының ескірген білім ордасын қайта жаңартып немесе жаңа мектеп салынса деген ұсыныстарын айтты. Тағы бір айтатыны мектеп суық, әрі оқушылар 8 сыныпқа дейінгі ғана білімді алуда. Сондай-ақ, жайлауда, яғни мал бағып ауыл шаруашлығын дамытып жүрген азаматтар ауыз су мәселесін алға тартты. Жолданған маңызды екі сауалға үміткерлер бірден жауап қайтарды. Олардың айтуы бойынша партияның Көксу ауданына арналып жасалынған сайлауалды бағдарламасында айтылған мәселелер бар. Яғни алдағы уақытта шешімін табатын болады. Су жаңа мектеп пен ауыз судың ауылы алыс емес.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.