ҚИСМЕТОВ АЗАМАТ, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы:
«Елбасы: «Мен – өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты – Тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңе жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да бір тәуекелге барамын»,- деген болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы біздің маңдайымызға біткен шоқжұлдыз сияқты. Елімізді үлкен аренаға шығару – ол тек дара, дана адамның ғана қолынан келетін іс. Елбасының әр жыл сайынғы Жолдаулары мен бастамалары біздер үшін жол көрсетер бағдаршам іспетті. Елбасына алғысымыз шексіз».