ӘЛЕУМЕТ

“КАНДИДАТ- ҚОНАҚТА”

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 05.01.2021
Оқылды: 2294 Печать страницы
 “КАНДИДАТ- ҚОНАҚТА”

Сайлаушылар назарына елімізде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарда өтетінін қайталап сала кетсек, биылғы сайлаудың тағы бір ерекшелігі-бұрынғы өткен сайлауларда қолданыста болмаған саяси терминдердің қалыптасуында. Мәселен, сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары аясында «Nur Otan» партиясы «канвассинг» ұғымын негізге алды. Канвассинг – бұл- тұрғындармен бейресми кездесу, партия жақтастарын жекелеп тарту немесе «Кандидат – қонақта» деген ұғымды білдіреді. Үгіт-насихат жұмыстарының басты мақсаты да «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылау. “Кандидат қонақта” кездесуінің ерекшелігі де ауыл тұрғындарының шаңырағында болып, келелі әңгімелесіп, толғандырған мәселелерін ескеріп, акциясы аясында партияның алға қойған басты міндеттерін жүзеге асырудағы нақты қадамдарымен таныстыру. Осы орайда қаңтардың бесі күнгі канвассингте «Nur Otan» партиясының атынан Көксу аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер Балпық би ауылын аралап, тұрғындар үйінде болды. Кездесу барысында үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыра отырып, үгіт-насихат жұмыстарын жасады. Жарқын жүзбен қарсы алған ауыл тұрғындары партияның осыған дейін де ел үшін жасап жатқан игі істеріне оң бағасын берді.

    Балпық би ауылының тұрғыны Ерлан Нұрхынов: "Қарапайым халыққа саяси терминдерді жаттаудың қажеті жоқ. Біз үшін сайлау – жарқын болашаққа кепіл бола алатын партияны ашық түрде таңдап,сайлайтын процесс. Бүгінгі сіздердің осылай үй-үйді аралап, халықтың жағдайын сұрап, түсіндіргендеріңізге ризамыз. Алдағы уақытта халық қалауымен, қолдауымен депутаттыққа өткен күнде әр саланы бөліп жармай халықтың жағдайының жақсаруына ықпал жасасаңдар екен" деген ұсыныс-тілегін жеткізді. Кездесу соңында тұрғынымыз партия өкілдері мен үміткерлеріне өз ризашылығын білдірді.

 «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Көксу ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

 

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.