ӘЛЕУМЕТ

COVID-19 індетіне шалдыққан 93 жағдай анықталды

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 20.01.2021
Оқылды: 1552 Печать страницы
 COVID-19 індетіне шалдыққан 93 жағдай анықталды

Алматы облысы бойынша осы уақытқа дейін коронавирустың 8284 жағдайы тіркеліп, оның ішінде 6215 адам емделіп шығарылды. Коронавирус инфекциясының белгілері 3268 адамнан анықталған. Қазіргі таңда облыстағы 617 пациенттің 177-сі инфекциялық бөлімшелерде, 440-ы үйде оқшаулау жағдайында ем қабылдап жатыр. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.

Соңғы деректер, 18 қаңтар күні облыста 93 жағдай анықталып, тәулігіне өсім – 1,1% құрап отыр деп көрсетуде.

Қазіргі таңда медицина қызметкерлерінің бақылауында 2472 адам бар. Инфекциялық стационарлар жүктемесінің ұлғаюына байланысты төсек саны 1138 - ден 1300-ге дейін артты. Облыстағы медициналық мекемелерде 1300 инфекциялық төсек бар. Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияға күдікті және расталған адамдар үшін реанимациялық төсек саны 124-тен 135-ке ұлғайтылды»,- дейді Алматы облысының бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков.

Коронавируспен күреске барлығы жергілікті бюджеттен 13,8 млрд.теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындыққа - 8,8 млрд. теңге бөлінген.

Медициналық ұйымдарда 17 компьютерлік томограф, 53 рентген аппараты, 534 өкпені жасанды желдету аппараты жұмыс істейді.

Сонымен қатар, облыстың 17 ауруханасы оттегі станцияларымен қамтамасыз етілген. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 818,2 млн.теңге бөлінді. Сондай-ақ, оттегі концентраттарының саны 1350 данаға жетті, оксигенотерапиямен қамту 45% - ға жеткізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 26 реанимациялық бөлімше қажетті жабдықтармен жабдықталды. Ондағы төсек-орын саны 96-ны құрап отыр.

Өңір медицинасындағы жаңалықтың бірегейі жоғары ағынды оттекті терапия әдісі енгізілуі. Бүгінгі күні, медицина мемекелерінде құны 76 млн.теңге тұратын 31 Хай Флу аппараты бар.

Жалпы, медициналық жабдықпен қамтамасыз ету 79% - дан 89% - ға дейін артқан. 180 жедел жәрдем көлігі, сондай-ақ 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Бригадалар саны 205-ке дейін жетті.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.