
2020 жылы Департаментпен 277 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 84% - дан астамы, яғни 232-сі сыбайлас жемқорлық болып табылады. Аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы залал 4,9 млрд.теңгені құрады, 4,4 млрд. теңге өтелді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов «JETISÝ MEDIA»алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, департамент жұмысы 52% немесе 142 құқық бұзушылық орын алатын ауыр және аса ауыр қылмыстарды анықтауға бағытталған. Ең көп таралған сыбайлас жемқорлық қылмыстар – бұл парақорлық – 196 қылмыс (пара алу – 75, пара беру – 117, парақорлыққа делдал болу – 4), лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану – 10, қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық – 7, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан – таражға салу-6, билікті асыра пайдалану-10.
«Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке 144 адам тартылды, оның ішінде бірінші басшылар – 36 адам, оның ішінде республикалық деңгейдегі – 1, облыстық деңгейдегі – 8, қалалық – 8, аудандық – 13 және ауылдық – 3 адам. Тергеу тәжірибесін талдау көрсеткендей, жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметшілері сыбайлас жемқорлық көріністеріне барынша бейім, оларға қатысты 2020 жылы 45 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелген, 26 лауазымды адам қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Кеден саласы-2020 жылы 114 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, 33 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, құрылыс саласы – 28 сыбайлас жемқорлық қылмысы, ТКШ саласы-17 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, 10 адам тартылды, 7 лауазымды тұлға түрлі жаза түрлеріне сотталды, сондай-ақ жер қатынастары және денсаулық сақтау саласы. Олардың 19 және 15 сыбайлас жемқорлық қылмыстары бар», - деді Ернар Мақажанов.
Департамент мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында бюджет қаражатын ұрлаудың жолын кесуге ерекше назар аударатынын атап өту қажет, өйткені оларды табысты іске асыру өңірдің әл-ауқатының тұрақты өсуіне қол жеткізудің пәрменді құралы болып табылады. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын нысандарды сүйемелдеуді және мониторингілеуді ұйымдастыру мақсатында облыста іске асырылатын бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандар тұрақты сүйемелдеуге алынды.
2020 жылы барлығы 45 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 37 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және азаматтар арасында парасаттылық қағидаттарын насихаттау мақсатында 150-ден астам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ролик дайындады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттау мақсатында көрнекті тұлғаларға арналған 13 мурал (Абай Құнанбаев, Әл-Фараби, Шоқан Уәлиханов) сурет салынды.
Биылғы жылы алдын алу желісі бойынша да, жедел-тергеу бағыты бойынша да Департаменттің жұмысы жалғасатын болады. Өз кезегінде, біз әрдайым ашық, қолжетімді екенімізді атап өткім келеді, іске асырылып жатқан жобалар шеңберінде біз азаматтармен, БАҚ өкілдерімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға өз үлесін қосуға дайын барлық адамдармен ынтымақтасуға дайынбыз.