
Өрттің жиі кездесетін себептерінің бірі электр желісіндегі қысқа тұйықталу болып табылады. Бұл желіге ақаулы электр құралының қосылуына немесе сымның оқшаулануына байланысты болуы мүмкін, бұл екі өткізгіштің қосылуына және олардың температурасының күрт өсуіне және одан әрі жануына әкеледі. Сонымен қатар, қысқа тұйықталу нәтижесінде ұшқын жиі пайда болады, олар жақын орналасқан жанғыш материалдарды тұтатуы мүмкін. Электр қондырғыларына өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, мұндай жағдайды толығымен болдырмауға болады.
Мұндай жағдай туындаған жағдайда кәсіпорында бекітілген Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әрекет ету қажет. Үйде болса өртке қарсы қарапайым ережелерін басшылыққа алу ұсынылады: желіге ақаулы құрылғыны қоспаңыз және элетроқондырғыларын жөндеу үшін маманға жүгініңіз.