ӘЛЕУМЕТ

Мұқаншы ауылдық округ әкімінің округ тұрғындары алдында есеп беру кездесуі өтті

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 26.01.2021
Оқылды: 1936 Печать страницы
Мұқаншы ауылдық округ әкімінің округ тұрғындары алдында есеп беру кездесуі өтті

Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Бақытжан Өмірәлинов 2021 жылдың 18-19 қаңтар аралығында округке қарасты Қазақстанның 50 жылдығы, Жетіжал, Мұқаншы, Нәдірізбек ауылдарының тұрғындары алдында округтің 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Жиындар карантин талаптары сақтала отырып өткізілді.

Ең алдымен, жиында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 1қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы тыңдалды.

Жолдаудан кейін округ әкімі тұрғындар алдында округтің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы және 2021 жылда атқарар жұмыстары жайлы баяндамасын оқыды.Әсіресе«COVID-19» пандемиясына қарсы округте атқарылған карантин жұмыстары, аз қамтылған отбасыларға көрсетілген қайырымдылық көмектер, тұрғындарды жұмыспен қамту туралы айтылды.

Тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтар бақылауға алынып, ауыл азаматтары округ әкіміне оң баға беріп, ауылдарымыздың жылдан - жылға өсіп-өркендеулерін тіледі.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.