ӘЛЕУМЕТ

Көксу ауданы әкімінің Мұқаншы ауылдық округінің тұрғындары алдында есеп беру кездесуі өтті

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 26.01.2021
Оқылды: 2003 Печать страницы
Көксу ауданы әкімінің Мұқаншы ауылдық округінің тұрғындары алдында есеп беру кездесуі өтті

Көксу ауданының әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы мен Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Өмірәлинов Бақытжан Кендірбекұлы 2021 жылдың 21 қаңтарында Мұқаншы ауылдық округі тұрғындарының алдында 2020 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Жиын «Zoom» бағдарламасы арқылы өткізілді.

Есептік жыл табысты болып, округте бірқатар келешегі бар жұмыстар атқарылды. Қазақстанның 50 жылдығы ауылында ауысымына 30 адам қабылдай алатын жаңа дәрігерлік амбулатория салынып, қолданысқа берілді. Көксу бекеті мен Мұқаншы ауылында көшелер жөндеуден өтті. Қазақстанның 50 жылдығы ауылында спорт алаңы салынды. Өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында Көксу бекетінде өрт сөндіру бекеті орнатылып, қолданысқа берілді. Көксу бекетінде балалар ойын алаңқайы орнатылды. Жетіжал ауылындағы Кәкенов көшесінде суағар жүйесі орнатылды. Ауылдың сыртында тұрмыстық қатты қалдықтар жинайтын полигонға қоршау орнатылды.

Алдымыздағы жылы ауылдарымыздың көшелерін жөндеу, көше жарықтарын орнату, арықтар жүйесін ағымды жөндеу, тағы сол сияқты жұмыстар жоспарланып тұр.

Тұрғындар әкімдердің атқарған жұмыстарын оң бағалап, еңбектеріне табыс тіледі.

 

Диас Кулдасов

Мұқаншы ауылдық округінің бас маманы

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.