ӘЛЕУМЕТ

Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 29.01.2021
Оқылды: 1876 Печать страницы
Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті  отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын кері қайтарып алу және оны палатаның талқылауына шығармау туралы шешім қабылдады.
Заң жобасына депутаттар 2019 жылғы Президент Жолдауынан кейін бастама көтерді.  Ол бойынша  елдегі отбасылық-тұрмыстық жанжалдар санының өсуі туралы айтылған. Заң жобасы 10 айдан астам уақыт Парламентте талқылануда. Жұмыс топтары тоқтамай заңнама аясында жұмыс істеуді жалғастырды.  

Көпті алаңдатқан заң жобасына Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев та өз пікірін білдірді. Президенттің айтуынша, өзекті мәселелер кеңінен талқылануы тиіс.
«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау"-, деп жазды Мемлекет басшысы Тwitter парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын кері қайтарып алу және оны палатаның талқылауына шығармау туралы шешім қабылдады.
Қазір заң жобасында Парламенттен басқа 55 ұйым жұмыс істейді.  Мәжіліс отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын кері қайтарып алды. Яғни, құжат заңды күшіне әлі енген жоқ.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.