ӘЛЕУМЕТ

МӘМС бойынша ЭКҰ: 6,2 млрд теңгеге 7 мың циклды қаржыландыру жоспарланған

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 17.02.2021
Оқылды: 1244 Печать страницы
МӘМС бойынша ЭКҰ: 6,2 млрд теңгеге 7 мың циклды қаржыландыру жоспарланған

2021 жылы медициналық сақтандыру қоры алдын ала сомасы 6,2 млрд теңгеге 7000 ЭКҰ циклын қаржыландыруды жоспарлап отыр. Жасанды ұрықтандыру рәсімін жүргізуге квота саны 2020 жылмен салыстырғанда 7 есе өсті, өткен жылы 960 млн теңгеге 1105 ЭКҰ қызметі көрсетілді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында тегін ЭКҰ-ға кім өтініш бере алады, қайда жүгіну керек және процедураға арналған көрсеткіштер туралы айтылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2021 жылдан Қазақстанда «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы басталды, оның мақсаты - қосалқы репродуктивтік технологиялардың (ҚРТ) көмегімен отбасылық-демографиялық проблемаларды шешуге жәрдемдесу.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ЭКҰ бағдарламасы аясында 2018 жылы ТМККК шеңберінде 902 циклды және 2019 жылы да дәл осы көлемді қаржыландырған.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, репродуктивті технологияны жүргізу нәтижесі 45-60% жетеді. ЭКҰ жүргізу тиімділігі біздің елімізде орта есеппен 15%-дан 42% -ға дейін өсті. Бала туу фактісі бойынша емдеу тиімділігінің көрсеткіші 30% деңгейінде, бұл ең жақсы еуропалық клиникалардың көрсеткішіне сәйкес келеді.

Бүгінде 11030 әйел бедеулікпен есепте тұр.

2010 жылдан бастап ҚР-да ЭКҰ бағдарламасы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енгізілді және 2010-2019 жылдар кезеңінде циклдар саны 100-ден 900 циклға дейін өсті. 2010 жылдан бастап ТМККК шеңберінде 7 000-ға жуық ЭКҰ бағдарламасы қаржыландырылды.

ЭКҰ кімдерге арналған? Процедура терапевтік жолмен емдеуге келмейтін бедеулік диагнозы қойылғандарға арналған. ЭКО-ға отбасылық жұптар да, жеке адам да қатыса алады. Міндетті түрде үміткердің ерікті жазбаша келісімі болуы керек.

Қазақстан азаматы болуы және денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық параметрлерге сәйкес келуі қажет – бұл репродуктивті жас (18-ден 42 жасқа дейін), қалыпты соматикалық және эндокриндік мәртебе, жоғары фолликулярлық резерв.

Науқасқа ұрықтандырудан бас тарту бірнеше жағдайда әсер етуі мүмкін: жатырдың туа біткен немесе жүре біткен ауытқулары, соматикалық және психикалық бұзылулар, аналық без ісіктері, жедел қабыну және кез-келген локализацияның онкологиясы.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.