
Бүгін, «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалында аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы А.Әділдің қатысуымен Саяси Кеңес Бюро отырысы өтті. Күн тәртібінде ауданның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» талқыланып бекітілді. Отырысқа Саяси Кеңес Бюросының мүшелері, аудандық мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында әзірленген бұл «Жол Картасы» өңір дамуына жаңа серпіліс беріп, ауданымыздың әл-ауқатын көтеру жолында орасан зор септігін тигізбек.
Әділет АЙТҚАЗЫ,
«NUR OTAN» партиясы
Көксу аудандық филиалының эксперті.