ӘЛЕУМЕТ

Жетісулықтар Аслан Айтбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 02.04.2019
Оқылды: 381 Печать страницы
Жетісулықтар Аслан Айтбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Жетісулықтар лейтенант Аслан Айтбаевпен қоштасты. Марқұмды шығарып салу рәсімі Сарыөзек ауылының орталық алаңында өтті.

 

Жауынгер мен қоштасу рәсіміне Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің өкілі, Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының орынбасары генерал майор Койшикулов Тұралы Хамитұлы келді.  аудан әкімі М.Бигелдиев, Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың атынан марқұмның отбасы мен туған-туыс, жақын-жуықтарына қайғырып көңіл айтты.

«Елімізде орын алған қайғылы жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Арыстай азаматтарымыз Отан алдындағы қызметтерін атқару барысында қайғылы қазаға ұшырады. Қазақстанның әскери қызметшілері әрқашан антына адал, сондай-ақ Отанына шексіз беріле қызмет етуде. Осы қайғылы сәтте орны толмас қазаға ортақтаса отырып, марқұмның отбасына және туған-туыстарына көңіл айтамын.

Жастай өмірден озған бауырымыздың көрмеген жақсылықтарын ата-анасына, бауырларына, іні қарындастарына көруге жазсын» деп атап өтті министр өкілі.

         Айта кетейік, Аслан Айтбаев 1994 жылы, 10 қарашада Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылдық округінде дүниеге келген.

27 наурыз күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағының апатында өмірі қыршынан қиылды.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.