ӘЛЕУМЕТ

АУДАН ӘКІМІ ӘДІЛ АЛМАС ҚАБДУЛҰЛЫНЫҢ 1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 25.02.2021
Оқылды: 1175 Печать страницы
АУДАН ӘКІМІ ӘДІЛ АЛМАС ҚАБДУЛҰЛЫНЫҢ 1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті аудан тұрғындары!

Ардақты ағайын, құрметті жерлестер! Сіздерді келіп жеткен 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Алғыс айту күні ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Бұл мереке тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі болса керек.
1 наурыз – Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сондай-ақ бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.
Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық.
Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын.

Құрметті жерлестер!

Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Баршаңызды  Алғыс  айту  күнімен  шын жүректен  құттықтаймын!  Алғыс алуға лайықты істеріміз көп болғай! Отбасыларыңызға  амандық,  әр бастамаларыңызға  сәттілік  пен  жеңіс тілеймін!

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.