
Депортацияға ұшырау әрбір ұлт, әрбір тұлға үшін қиынға соққандығы жасырын емес. Қиын-қыстау кезеңінде қазақ халқының қол ұшын созып, соңғы нанымен бөліскендігі бәрімізге белгілі. Өздерінде болмаса да, өзгеде болсын деген ниеттегі қазақ халқына алғысым шексіз. Мен өзге ұлт өкілдерінің жастарының атынан барша қазақ халқына басымды иіп алғысымды білдіремін.
Барша қазақстандықтарды шын жүрекпен Алғыс айту мерекесімен құттықтаймын. Өмірлеріңіз көктемдей жарқын, аспандарыңыз ашық, дендеріңіз сау болсын!
Александр СОН,
Балпық би ауылы.