ӘЛЕУМЕТ

Мұғалімдердің кәсіби біліктілігі

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 25.02.2021
Оқылды: 1216 Печать страницы

«Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде».
 Н.Назарбаев.

Алматы облысы бойынша Өрлеу АОПҚБАИ филиалының аға оқытушысы,  тренер Жайна Саметованың  ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» идеялары негізінде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту мәселелері» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинарға Алматы облысы бойынша 20 -ға жуық педагог мамандар қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинар барысында бағдарламаның негізгі принциптеріне тоқталдық. Олар:
Бәсекелестік қабілет.
Ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, ХХІ ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айттық.
Прагматизм.
Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеологияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсындық.
Ұлттық бірегейлікті сақтау.
Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айттып, сонда ғана алға басулар болатынын ескердік.
Білімнің салтанат құруы.
Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аудардық.
Қазақстанның революциялық емес,  эволюциялық  дамуы.
ХХ ғасыр қасіреттерін қаперімізге сақтап, одан сабақ алу және де дүрбелең туғызу экономикалық күйреуге алып келетінін қазіргі кезде болып жатқан әлемдік толқыныстарды мысалға келтірдік. РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ өзгеріс емес, ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ жаңару алып келу керектігін түсіндік.

Жайна Ходиронқызы «Рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының Президенті Сара Назарбаеваның «Өзіңді өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі» - дегендей «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек, қателеспейміз. Еліміздің дамуын, болашақ ұрпақты ізгілікке бағыттайтын жаңа қадамы «Өзін-өзі тану», жобасын дүниеге әкелуі, оны мектептерде «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асыруы құнды да қажетті іс» деген ойларын тыңдап,  пәннің ерекшелігі – әр баланың өзін-өзі танып, ішкі дүниесін, өзгені танып, білуі болып табылатындығы туралы ой қостық.
Қазіргі таңда оқу, білім алу адамзатқа осы өмірде барлық жауапкершілікті сезінуге септігін тигізіп отыр. Қоғам қарқынды дамыған сайын адам баласына деген тәрбиенің мақсаты мен міндеті жаңаратыны мәлім. Ғылым мен білімнің жаңалығын игертумен қатар бала бойына рухани - адамгершілік құндылықтарды, мейірімділікті, қайырымдылықты, адалдықты, әділдікті, махаббатты, сұлулықты, бақытты бағалай білуді бойына сіңіріп, тәрбиелеуді талап ету – қазіргі өмірде басты мақсаттардың бірі екендігін ескере отырып, жоғарыда аталған вебинарға Көксу ауданы бойынша өзіммен қоса, үш әріптес белсенділікпен қатысты. Олар: Б.Құндақбаева атындағы №1 мектебінен Илияс Аягүл, Нарбекқызы Айгерім, Н.Алдабергенов мектебінен Ахметова Айнұр және бірқатар әріптестер Талғар ауданы мен өзге де аудандардан қатысып отырды.
Вебинарда мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Мәңгілік Ел» идеясының үндесуі» тақырыбында презентация қорғап, әріптестер тарапынан жоғары баға алдым. Сонымен қатар, Талғар қаласы №7 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ақсұлу Әмірбек «Тоғызқұмалақ ойыны арқылы «Мәңгілік Ел» идеясын насихаттау» тақырыбындағы өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Талғар қаласы №9 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұлжан Сыдықбекова  «Рухани жаңғыру» құндылықтарын театр өнері арқылы сабақтастыру» тақырыбындағы презентациясын қорғап, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Талғар ауданы №16 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Дария Ербулатова әл-Фарабидің «Қашықтасың туған жер» өлеңіне құрылған сабақ жоспарындағы рухани құндылық аспектілеріне кеңінен тоқталып, әріптестер тарапынан өз сабағына жоғары баға алды.
Осы ретте, біз, вебинар қатысушылары білікті тренер Жайна Саметоваға өз алғысымызды білдіреміз!
Қорыта айтқанда, рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың – дара жолы!
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі.

Майра Байболатова,
Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.