ӘЛЕУМЕТ

Шынықсаң – шымыр боласың

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 25.02.2021
Оқылды: 1293 Печать страницы

Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл – күйі көтеріңкі болып, денсаулығы жақсарады. Ал, спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын бәріміз білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатында футбол, баскетбол, волейбол, тоғыз құмалақ, шахмат, дойбы,  шаңғы тебу т. б. мектептегі дене- шынықтыру пәнінің бағдарламасына  енгізілген.
Иә, спорт – адамның рухани әлемі үшін де маңызды.
Сондықтан, «Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы әрі күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің  бір тәсілі. Ғалымдардың  зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге, яғни сананың саулығына  жетелейді екен.  

Аман МАЙКЕНОВ,
Жеңіс негізгі орта мектебінің  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.