ӘЛЕУМЕТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КОМПЛАЕНС ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТ БОЙЫНША LIVE – ВЕБИНАР

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 03.03.2021
Оқылды: 1625 Печать страницы
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КОМПЛАЕНС ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТ БОЙЫНША LIVE – ВЕБИНАР

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілері ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелерді айқындауға тиіс.

Бұл ретте квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді құруға құқылы.

Осылайша, кәсіпкерлік субъектілерінде комплаенс-қызметтерді құру ұсынымдық ретінде қарастырылады.

Осыған байланысты, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінде комплаенс-қызметтерді тарату мәселелерін жылдамдату мақсатында ағымдағы жылдың 2 наурызында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өңірдің бизнес-қоғамдастығы үшін ISO 37001 талаптарына сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты, сондай-ақ Компленс-қызметтер институтын түсіндіру бойынша онлайн-вебинар өткізді.

Вебинарда Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бас маманы – Д.Қ. Қалдығожин және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры – Қ.Д. Шакишев баяндама жасады.

Сонымен қатар, вебинар қатысушыларына бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорғау бойынша "Протектинг бизнес энд инвестментс" ("Protecting Business and Investments") жобасы таныстырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойған серіктестер жобаның шеңберінде бизнесті адал және парасатты жүргізу шартын орындай отырып, мемлекеттік органдар тарапынан барлық заңсыз араласулардан Антикордың қорғауында болады.

Кері байланыс барысында қатысушыларға барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Онлайн-кездесудің қорытындысы бойынша қатысушылар Комплаенс-қызметтерді құруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты енгізуге қызығушылық танытты.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.