ӘЛЕУМЕТ

Жетісу жерінде карантиндік шаралар жеңілдетілді

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 04.03.2021
Оқылды: 2151 Печать страницы
Жетісу жерінде карантиндік шаралар жеңілдетілді

Алматы облысында коронавирустық инфекция жұқтырған адам саны 11028-ге жетіп отыр. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 1451 бала індетке шалдыққан. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен кезекті баспасөз-мәслихатында мәлім болды.

Баршаға аян, аталған кеселдің алдын алу, тұрғындардың иммундық жүйесін қалыптастыру мақсатында, 1 ақпаннан бастап егу жұмыстары басталған еді.

Бүгінгі таңда облыста вакцина алудың екінші кезеңі басталып, 847 адам екпе қабылдап үлгерді. Оның ішінде 367 медицина қызметкерлері мен 13 мұғалім екпе алғандар қатарында бар. Айта кетерлігі, күні кеше, 2 наурызда өңірге қажетті вакцинаның 9900 дозасы жеткізілді.

Естеріңізге саламыз, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы облысы «жасыл» аймақта орналасқан.

Соған байланысты, 9 наурыздан бастап бірқатар карантиндік жеңілдету шаралары жүргізілетін болады.

Мәселен, бассейндердің, цирктердің, бильярд клубтарының, балалар ойын-сауық орталықтары 30%-ға дейін сыйымдылықпен жұмыс істеуіне рұқсат етілмек. Сондай-ақ, спорттық іс-шараларды өткізуге алайда, көрерменсіз және санитарлық ережелерді қатаң сақтаған жағдайда ғана, және адам саны 50-ден аспаған кезде жұма намазын оқуға және ас беру рәсімін өткізуге рұқсат беріледі. Сонымен қатар, 1-5 сыныптардың, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптардың оқушыларын аралас оқытуға мүмкіндік беріледі.

Айта кетейік, балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне жұмысын бастауға тыйым салынып отыр.

«Өздеріңіз байқап отырғандай, жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып, карантиндік режим жеңілдетіліп келеді. Тұрғындарды маскалық, санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауға шақырамыз!»,-дейді Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.