ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында 25 мыңға жуық газ датчиктері орнатылды

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 19.03.2021
Оқылды: 1437 Печать страницы
Алматы облысында 25 мыңға жуық газ датчиктері орнатылды

Улы газбен уланудан болатын қайғылы салдардың қаупін азайту мақсатында облыс әкімдігі 169 млн.490 мың теңге бөлді, соның нәтижесінде 24 мың 501 датчик сатып алынып, орнатылды.Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында Алматы облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының у.м.а. азаматтық қорғау майоры Манат Тұрымов хабарлады.

Өткен жылыту кезеңіндегі адамдардың улы газбен улану жағдайларын алдын алу мақсатында Департамент облыс әкімдігімен қатар, халықтың осал топтарының үйінде датчиктерді орнату мәселесін қарастырды.Осы орайда,өткен кезеңдегі есеппен Еңбекшіқазақ ауданындағы үш үйде датчиктер іске қосылды.Аталмыш жағдай нәтижесінде улы газдың бар екендігі дер кезінде анықталып,осылайша 15 адамның, оның ішінде 11 баланың улануы немесе қайтыс болуының алды алынды.

«Өрттерде адамдардың қаза болуын төмендету мақсатында ЖАО-мен бірлесіп 962 отбасының пештерін жөндеуді, халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 938 отбасының электржабдықтарын жөндеуді қажет ететін 6957 бірлік автономды өрт хабарлағыштарын және 997 бірлік табиғи газдың шығуын анықтау датчиктерін орнату бойынша қажеттілік нормалары анықталды.Қазіргі уақытта облыстың Экономика басқармасы осы іс-шараларды қаржыландыру мәселесін қарастыруда»-деді,Манат Тұрымов.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» Жастар қанаты, демеушілер мен еріктілер бірлесе отырып, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 152 отбасыға пештер мен электр жабдықтарын жөндеуге көмек көрсетілді.

Меруерт Ақбарова

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.