ӘЛЕУМЕТ

ОНЛАЙН САБАҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 19.03.2021
Оқылды: 1533 Печать страницы
ОНЛАЙН САБАҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жұмысын жеңілдетеді. Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады. «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім берудің мақсаты: сапалы білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту; олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз ету.
Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары 2 тоқсанның сабағы онлайн және қашықтан өтті. Қашықтықтан оқыту – білім берудің ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылатын арнайы түрі.
Қашықтықтан оқыту тек оқушылардың емес, ата-аналардыңда белсенділік-терін оятты, оған дәлел ретінде мектепте өткен жалпы ата-аналар жиналысын  айтуға  болады. Қашықтықтан оқыту ұстаз еңбегінің қиын екендігін, оқушы мен ата-анаға ұғындырып, ұстаздың мәртебесі жоғары екендігін дәлелдеді. Сол еңбегімізді біліп ата-аналар өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, рахмет-алғыстарын айтқан видеороликтерінде қабылдадым.
Қорыта айтқанда, қашықтықтан оқыту қазіргі заман талабы болса, оны ұйымдастыруда ең бастысы электрондық материалдар, қашықтан оқытудың дидактикалық жасалымы, педагог-үйлестірушілерді дайындау болып табылады. Бұл біліктілігі жоғары, зияткерлік және кәсіби деңгейі дамыған, халықаралық дәрежедегі бәсекеге төзімді қоғам құруға зор көмегін тигізеді.

Назгүл Акылбаева,
Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.