ӘЛЕУМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 19.03.2021
Оқылды: 2110 Печать страницы
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының м.у.а. Жандос Жұмабаев Талдықорған қаласы әкімдігінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуге Алматы облысының ақпараттық-ағарту штабының төрағасы Серік Мұқанов қатысты.

Кездесу аясында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзгерістері түсіндірілді, сондай-ақ облыс аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар таныстырылды.

Сонымен қатар, Жандос Жұмабаев "Transparency Kazakhstan" - Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне жүргізілген мониторинг қорытындыларымен таныстырды.

Кездесу барысында Департамент басшылығы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде бірқатар өзекті сұрақтар мен мәселелерді атап өтті. Олардың ішінде: мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсету, яғни белгілі бір құжаттарды алу кезінде бюрократиялық әуре-сарсаңға салу; түрлі іс-шараларға, қызметтер мен тауарларға бюджет қаражатын дұрыс жоспарламау және ұтымсыз пайдалану; халықпен кері байланыстың болмауы, азаматтардың өтініштерін дұрыс қарамауы.

Кездесу қорытындысы бойынша Департамент басшылығы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және өтініштер деңгейін қысқарту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің туындауына жол бермеу мақсатында бірқатар ұсыныстар енгізді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.