
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жанын ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі үшін еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа» -деп Тұңғыш президентіміз Н. Ә Назарбаев айтқандай, рухани жаңғырудың бір бөлімі «Туған жер» бағдарламасына арналған. Әрбір азамат өз туған жерін, өскен ортасын бірінші орынға қоюы керек. Шама шарқынша өз туған ауылының көркейіп, гүлденуіне ат салысу керектігін және Рухани жаңғыру мақаласын қолдай отырып Жарлыөзек ауылдық округінде ағаш отырғызу акциясы аясында 26 наурыз күні «Орман ел дәулеті, жер сәулеті» атты тақырыбында өтті. Мұқаншы ауылыдағы өзен бойына көптеген жеміс ағаштары мен басқа да ағаш түптері отырғызылды. Игі іс- шара ауыл жастары мен тұрғындарының қатысуымен өтті. Шара барысында 1000 түп ағаш отырғызылды.
Жарлыөзек ауылдық округінің
жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы
А.Максимова