
Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен "Алматы облыстық №1 балалар үйі" КММ-де 01.01.2018 жылдан бастап 31.08.2020 жылдар аралығындағы кезеңде балалар үйі түлектерінің банктік шоттарынан ақшалай қаражатты алудың заңдылығы сондай-ақ, жетім балалардың шоттарында ақшалай қаражаттың толық болуы мәселесі бойынша сәйкестік аудиті жүргізілді.
Жүргізілген аудит барысында мекеме атынан директор (кәмелетке толмаған жетім балалар мен балалардың қамқоршысы мен қорғаншысы) әлеуметтік қызметкерге 24.07.2018 ж, 21.06.2019 ж, 03.08.2020 ж. мерзімінде "Қазақстан Халық Банкі" АҚ және "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" Акционерлік Қоғамына тәрбиеленушілердің мүдделерін білдіру, сондай-ақ ақшалай қаражаттың түсуін бақылауға, карточкалық базада депозиттік шоттар мен ағымдағы шоттар ашуға, пластикалық карточкалар мен оларға ПИН конверттерді алу құқығымен зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта (ЗТМО) ақша алу және тағы басқадай қызметтерді жүзеге асыру үшін сенімхат берілген.
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ аудит ұсынған анықтамаға сәйкес әлеуметтік қызметкер тәрбиеленушілердің шотынан 46 177,309 мың теңге мөлшерінде ақша қаражатын заңсыз шешіп алғаны расталды.
Қазіргі уақытта балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тиесілі заңсыз алынған ақшалай қаражатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.