
Алматы облысы бойынша департамент а.ж. 8 сәуірінде «Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы» РМК филиалы, Полиция департаменті, жергілікті әкімшілік және БАҚ өкілдерімен бірлесіп облыс орталығының автожолдарына мониторинг жүргізді.
Қала жолдарына мониторинг жүргізу барысында жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жол төсемінің көптеген ақаулары анықталып, осыған байланысты Полиция департаментінің қызметкерлері уәкілетті қызметшілерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.
Айта кету керек, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.