ӘЛЕУМЕТ

Көктемгі егістік жұмыстары қарқынды жүруде

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 13.04.2021
Оқылды: 1618 Печать страницы
Көктемгі егістік жұмыстары қарқынды жүруде

Кеше ғана қамбаны астыққа толтырып, «Алтын күз» мерекесін тойлаған еңбекшіл қауым қысқы демалыстан соң дала жұмысына қайта кірісіп кетті. Таң атпай кетпенін асынып, жерден несібесін жинаған шаруалар егістік алқабын биылғы егінге дайындалып жатыр. Дайындық барысында өткен жылдан қалған қалдықтар өртеліп, жер өңдеуге техникалар тізіліп жүр. Биыл да мол өнім алуға үмітті диқандар осылайша көктемгі егін егу жұмыстарын жүйелі жүзеге асырудың қамын жасауда.

Барлығы 3116 га егістік жері бар Мұқаншы ауылдық округінің ауыл шаруашылығы құрылымдарында қазіргі таңда 1700 га жері жыртылып, 360 гектар жоңышқа жері тырмаланса, 50 гектар жерге жаздық арпа егілді. Енді шамалы күндерден соң қант қызылшасы, дәндік жүгері және майбұршақ себу жұмыстары басталады.

 

Дәулет Баядилов

Мұқаншы ауылдық округінің жетекші маманы

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.