ӘЛЕУМЕТ

Саяси бюро отырысы

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 27.04.2018
Оқылды: 603 Печать страницы
Саяси бюро отырысы

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының саяси кеңес бюросы отырысы өтіп, саяси бюро отырысына аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков, саяси бюро мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері қатысып, үш мәселе қаралды:
1. Көксу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы атқарылған жұмысы жайлы және 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес атқарылатын жұмысы туралы баяндамасы тыңдалды.
2. Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының Көксу аудандық филиалының «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы атқарылған жұмысы жайлы және 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес атқарылатын жұмысы туралы баяндамасы тыңдалды.
3. Көксу аудандық кәсіпкерлер бөлімінің «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы атқарылған жұмысы жайлы және 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес атқарылатын жұмысы туралы тыңдалды.
Бірінші мәселе бойынша аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Жанар Байұзақова баяндама жасап, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау үшін бағытталғанын атап өтті. Бағдарламаға биыл 1913 адамды тарту жоспарланып, бүгінгі күні 354 адам қамтылды. Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курсқа 310 адам жіберіліп, жұмысқа орналастырылды. Өз ісін ашуға және кеңейтуге өткен жылы 61 адам 223,4 млн. теңге несиеге қол жеткізді, биыл 119 адам шағын несие алу бойынша кезектерін күтуде. «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін 70 үміткердің ішінде беспен өткен 54 адам оқуға жіберілді. «Жастар практикасы» бойынша былтыр 51 адам жіберілсе, биыл 25 адам жіберілді, қоғамдық жұмысқа жоспарланған 300 адамның 110-ы жіберілді. Биыл бос жұмыс орындарына 111 адам тұрақты жұмыстарға орналасты. «Өрлеу» пилоттық жобасымен 34 жанұя қамтылып, 236 адам шартты көмек алды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру үшін енгізілген жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың бағдарламасының белсенді шараларына 360 адамды апару жоспарланып отыр, бүгінде 161 адамның тиісті құжаттары қабылданады деп атап өтті. Екінші мәселе бойынша Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Еділ Зайытбеков баяндама жасап, биылғы жылы «Бастау бизнес» оқыту жобасы бойынша осы жобаға қатысуға ниет білдірген 70-адамның 54-і тестілеуден өтіп, оқуға тіркелді. Оқу бітірген соң оларға сертификаттар табысталмақ. Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша жыл басына 400-ге жуық кеңестер берілді. Ауданда «Көксу-Қуат» ЖШС-і қуаттылығы 4,5 мегаватты құрайтын құны 1 млрд. 485 млн. теңге болатын жоба ашылды. Филиал сарапшылары бүгінде заңдық, маркетингтік, бухгалтерлік есептер жөнінде кеңестерін беруде деді.
Үшінші мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысы Ілияс Ақшабаев хабарлама жасап, аудандағы барлығы 14 өнеркәсіп кәсіпорындары 12146,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, «Аккум-СТ» құмтас шығаратын зауыттың құрылысы былтыр іске қосылып, 25 адам жұмысқа қамтылды. Шағын кәсікерлікте бүгінгі таңда 3024 кәсіпкерлік тұлғалар жұмыс істейді, оларда 8499 адам жұмыспен қамтылған, бұлар 2017 жылы 2525,7 млн. теңгенің өнімін өндіріп, бюджетке 365,4 млн. теңге түскенін атап өтті. Балпық би ауылында «Күзбаев» жеке кәсіпкері 250 орындық мейрамхана іске қосылды, жалпы инвестициялық құны 67,1 млн. теңгені құрады, бүгінгі таңда ауданда 11 әлеуметтік дүкен белгіленіп, жұмыс істеуде екенін атап өтті. Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы Жанар Қанатқызына «Ақбиік» несие серіктестігінің «Жетісу» ӘКК алдындағы қарыздың қайтарылымын қадағалап, бағдарламалар бойынша оқу сапасының, бітірушілердің жұмысқа орналастырылуы, Еділ Зайытбековке «Көксу-Қуат» ЖШС-не инвестиция тарту туралы сұрақ қойды. Баяндамашыларға облыстық мәслихаттың депутаты Секенбай Шеңгелбаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, аудандық мәслихат депутаты Бақытхан Оразбаевалар сұрақ қойып, аталған мәселелерге байланысты жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті. Саяси бюро отырысында тиісті қаулы қабылданып, қаралған мәселелердің орындалуы аудандық партия филиалының тұрақты бақылауында болатын болды.

Әлия ИМАНЖАНОВА.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.