ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында көктемгі дала жұмыстары берекелі бастау алды

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 15.04.2021
Оқылды: 1900 Печать страницы
Алматы облысында көктемгі дала жұмыстары берекелі бастау алды

Алматы облысының республика бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы үлесінің 17 пайыз екені мәлім. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары себілетін егіс алқаптары 970,5 мың гектарға дейін жеткізіледі. Өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі 2,0 мың гектарға ұлғайып отыр.Жетісудың нәрлі топырағына, биыл дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 461,0 мың гектарға, «дала аруы» 88,3 мың га жерге егіледі деп жоспарланған.

Ауыл шаруашылық дақылдарының кең көлемде егілуімен оның жемісті дән беруі экономикалық материалдық әл ауқаттың артуына себеп болары хақ.

Осы мақсатта Қапшағай, Көксу өңірлеріндегі көктемгі егін егу науқаны басталып, қызу жүріп жатыр. Бүгінде Қапшағайдағы егіс алқабында ағымдағы жылы 13666 гектар егістік жердің игерілуі көзделсе, оның 8448 гектары суармалы жерлерді құрап отыр. Ауыл шаруашылығы дақылдарын егудің оңтайлы мерзімі ретінде – 25 наурыздан – 10 мамырға дейінгі аралық көзделіп отыр. Қапшағай қаласының әлеуметтік-экономикалық кешенді бағдарламасы төңірегінде 2021 жылы дәнді дақылдар 4297 гектарға, оның ішінде жаздық арпа 3941 гектарға, дәндік жүгері 756 гектарға, майлы дақылдар 4062 гектарға, картоп 350 гектарға, көкөністер барлығы 1935 гектарға, бақша дақылдары 190 гектарға, қант қызылшасы – 800 гектарға, мал азықтық өнімдер 2155 гектарға себілмек.

Дала жұмыстарын жоспар бойынша жүргізу үшін шаруа қожалықтары қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. «Ақөзек СДО» 11 техникамен, «АгроСервисҚанТ СДО» АӨК 21 техникамен, атап айтқанда 150 бірлік ауыл шаруашылық техникалары түгелдей жұмылдырылды.

Төрт бірдей шаруа қожалықтарынан келіп түскен өтініш мақұлданып, Облыстық ауыл шаруашылық басқармасынан 250 тонна жанар-жағармай бөлінген.

Шаһардағы ірі шаруа қожалығының бірі «АгроСервисҚанТ СДО» АӨК. Қазіргі таңда шаруашылық иелігіне150 га егін алқабы тиесілі. Серіктестікте 21 техника бар. Соңғы рет барлық техника 2016 жылы жаңартылған.

«Бүгінгі күні 100 га алқапқа қант қызылшасы егіліп үлгерген. Енді тағы 30 гектарға тәтті түбір себіледі. Биылғы жылы гектарына 90 тонна тәтті түбір алу жоспарлануда»,-дейді «АгроСервисҚанТ СДО» АӨК басшысы Айбек Ботай.

Аймақта ауыл шаруашылығымен айналысатын тағы бір қожалық болар. Ол «Бауыр» шаруа қожалығы. Ол да қамбаның кенге толуына ат салысуда. Шаруашылық жуа, арпа, жүгері, картоп өсірумен айналысады. Қазіргі таңда 50 га арпа, 20 га жуа, 10 га жоңышқа сепкен.

"Өткен жылы гектарына 70 тонна жуа өнімін алдық. Егіс жұмыстарына Голландиялық тұқымдар қолданылады.Ерте күзде жиналған өнім ішкі және сыртқы нарықты қамтып отыр.",-дейді "Бауыр"шаруа қожалығының иесі Бауыржан Жандосов.

 

Қолайлы ауа-райының арқасында егін егу жұмыстарының қарқыны күн сайын артып келеді.Жетісу өлкесінің Көксу ауданында "Алим-Таяр" шаруа қожалығы 30 гектар жерге қант қызылшасын отырғызып үлгерсе, ендігі кезекте, тағы 60 г өндіру жоспарда тұр.

Айта кетейік, 40 жұмыс орны бар шаруа қожалығы 1998 жылдан бері жұмыс жасауда.

Өткен жылы 150 гектарға егін егілсе, бүгінде егіс алқабының көлемі 80 гектарға дейін азайып отыр.

"Алим-Таяр" шаруа қожалығы тракторлардан бастап комбайндарға дейін барлық қажетті техникалармен жабдықталған. Қант қызылшасынан басқа 30 гектарға көкөніс, 50 гектарға соя, 30 гектарға пияз, 20 гектарға жүгері отырғызу жоспарға алынған.

Диқаншылардың айтуынша, биылғы жылы ауа-райына қарамастан жақсы өнім алу көзделген.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.