
Аудандық білім бөлімі әдіскері Мұратқызы Малтаева Анаржәне педагог-логопедтер ассоциация жетекшісі Балғынбаева Айжан Сәулебайқызының ұйымдастыруымен «Логопед-мұғалімнің тәжірибелік әрекетінде заманауи логопедиялық технологияларды қолдану» атты тақырыбында педагог-логопед жас мамандармен вебинар өтті.Вебинар инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, еңбектенуге көз қарастарын қалыптастыру және көмектесу арқылы тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді. Тәжірибелі мамандардың жас мамандарға берері мол.Педагогикалық санада адамның дамуы, әлеуметтенуінің оның білім алу процесі ретінде тұрақты жүйеге түскен. Сондықтан, әртүрлі жағдайда, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру керек болған жағдайда және әртүрлі жас кезеңдерінде педагогикалық әрекеттерді оңтайландыру жолдарын іздеу ешқашан тоқталмайды.Түзету – педагогикалық процестегі арнайы білім беру принциптеріне сәйкес әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар адамға білім беру процесінде арнайы педагогика әртүрлі оқыту, тәрбиелеу, түзету тәсілдерін пайдаланады.Қазіргі заманғы логопедиялық тәжірибе өз арсеналында уақтылы диагностикалау мен сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын түзетуге бағытталған, дәстүрлі білім беретін түзету – дамыту технологиялары бар.Логопедия үшін дәстүрлі емес және сабақтас ғылымдар тәсілдерін өз қажеттіліктеріне бейімдеп қолданады. Бұл әдістерді логопедияда дербес қарастыруға болмайды, олар көпшілік мақұлдаған технологиялардың бөлігі болып табылады, және педагог пен баланың қарым – қатынасының жаңа тәсілін, жаңа ынталандыру әдістерін енгізеді, жайлы эмоционалдық ортаны тудырады.Бүгінгі таңда инновациялық технологияларға жататын біршама әртүрлі технологиялар бар. Олардың кейбіреуін мен өз тәжірибемде қолданып жүрмін және өз тәжірбиеммен бөліскім келеді.Өз тәжірибемде қолданылатын заманауи логопедиялық технологияларды тек дәстүрлі әдістер кешенімен қатар қолданғанда тиімді деп санаймын. Олар:Су-джок;Құм терапиясы;Ароматерапия;Түс терапия;Кинезиологиялық жаттығулар;Ақпараттық технологиялар.Түзетуші педагог жұмысында жеке ыңғай табу ең басты болып қалады. Жұмыстың формасы мен тәсілдерін таңдау кезінде осыны есте сақтау қажеттігіне вебинарда баса назар аударылды. Вебинарда көтерілген мәселелелердің ортақ шешімін табуда әріптестер бірлесе әрекет етудің қажеттілігін түсінуде.
Көксу ауданы, Еңбекшіқазақ орта мектебінің педагог-логопед маманы Айжан Сәулебайқызы Балғынбаева.