ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында «Egov - жаршысы» жобасы қарқынды жұмыс жасауда

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 27.04.2021
Оқылды: 1898 Печать страницы
Алматы облысында «Egov - жаршысы» жобасы қарқынды жұмыс жасауда

«Egov - жаршысы» жобасы Республика бойынша алғаш болып Алматы облысында жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды.

Аталмыш жоба төңірегінде мемлекеттік қызметтердің 87%-ға жуығы электронды іске асатын болса, ал қалған 106 қызмет түрі ХҚКО арқылы қағаз жүзінде көрсетілуде.

Бүгінде облыс бойынша 2111 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылды. Нақтырақ айтсақ, оның 393-і ауылдық әкімдіктердің ғимараттарына орналастырылған.

Жобаның нысаналы міндеті облыс халқының 80% - дан астамын ЭЦҚ кілті мен мемлекеттік қызмет түрлерін электрондық форматта алуға дағдыландыру. Жоғарыда атап өткен қызмет барысын насихаттау мен жіті түсіндіруде басты назарға алынған.

«Жұмыс барысында жақсы көрсеткіш көрсетіп, атсалысқан еріктілердің қызметін бағалаумен ынталандыру мақсатында байқау ұйымдастырылады. Жүлде қоры 1-орын 200000 теңге; 2-орын 150000 теңге; 3-орын 100000 теңге; 50 адамға 10000 теңгеден көтермелеу сыйлықтарын беру көзделіп отыр», — деді Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Елдар Сапаров.

Еске сала кетейік, 2020 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті және Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен бастау алған жоба биылғы жылы да жалғасын тапқалы отыр. Жоспарды орындау үшін еріктілер жұмылдырылатын болады. Алдағы уақытта Алматы облысының барлық аймақтарынан 14-29 жас аралығындағы 100 ерікті оқытылатын болады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.