
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез - келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Функционалдық сауаттылық – оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда кедергілерді анықтау мақсатында өзіме «Оқушылардың оқуында қандай кедергі бар?», «Менің оқытуымда қандай кедергі бар?» деген екі сұрақты қойдым. Осы аталған кедергілерді болдырмау үшін оқу-жазу сауаттылығы, математикалық сауаттылығын басшылыққа алдым. Мақсат- міндеттер мен күтілетін нәтижелерді анықтадым.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы ең алдымен үйден, отбасынан басталады. Өйткені, ата – аналардың балаларды оқытуы және тәрбиелеуі ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі тетіктерінің бірі болып көрсетілген. Мысалы, отбасында әрбір граммды, ватты, минутты есептей алмайтын және де есептегісі келмейтін баланың үй шаруасына да қыры болмайды. Бала бойына рухани құндылықтарды қалыптастыру отбасында берілетін тәрбиемен тығыз байланысты. Сол себепті баланың жағымсыз мінез – құлық пен жат әдеттерден арылуына көмек беретін функционалдық сауаттылық ата – ананың өз бойында да болуға тиіс. Ата – аналар бұны баланың ұғынуына ерте жастан көмектесулері керек.
Осы орайда оқушылардың математикалық сауаттылығын әр түрлі сұрақтармен мәтін, жазба жұмыстар арқылы дамытуды мақсат қылып, жазба жұмысымен айналысуды, сұрақ құрастыруға үйретуді қолға алдым. Математикалық тілде сөйлеуге дағдыландыру; оқушыны кері байланыс жасай білуге қалыптастыру; өздігінен ізденіп, алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету амалдарын қолдана отырып, оқушылардың еркін жазу стратегиясын қолданун, өз бетінше сұрақ құрастыруды, математикалық тілде сөйлеуді, тиісті кері байланыс жасауды, өзіндік оқуға белсенділігі қалыптасты. Бірнеше әдіс-тәсілдерді қарап солардың ішінде пайдалы,сабағымда нәтиже болады деген стратегияларды тәжірибеме енгіздім. Еркін жазу стратегиясы, математикалық диктант, венн диаграммасы, эмоциялық сұрақтар білім беруде тиімді болды. Осы әдістермен, яғни жазба жұмысы арқылы оқу сауаттылығы артады, өз ойын елестете отырып жазады, қатесіз сауатты жазуға дағдыланады,жазу үшін бірнеше қосымша материалдар іздейді. Практика барысында осы дағдыларды балалардан байқадым. Қабілеті төмен оқушылардың өзінде ізденіс болады. Теориялық білімі жазбаша түрінде қалыптасады. Оқушылардың оқуға қызығы артады. Әсіресе 6-сынып оқушылары берілген тақырып бойынша ертегі құрастыруда белсенділіктері байқалды. Эмоцияға берілетінін көрдім. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әр пәннің рөлі зор. Соның ішінде математиканың оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда білім берудің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушылардың есепке ғана жүйрік емес, күнделікті өмірде сауатты болып қалыптастыру басты міндетіміз.
Жазира АУКЕН,
Мұсабек орта мектебінің математика пәні мұғалімі.