ӘЛЕУМЕТ

КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 04.05.2021
Оқылды: 1626 Печать страницы
КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ

Қазақ халқының маңдайына біткен асыл да, ардақты перзенттерінің бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол өзінің ұстаздық ұлағатымен, ағартушылық көзқарастарымен педагогика тарихында мол мұра қалдырған Ұлы ұстаз. Əсіресе, педагогика саласында оның қосқан үлесі мен еңбегі шексіз орасан зор. Қазақ даласында алғаш мектеп ашып, оқулықтар жазып, өзі ашқан мектептерде ұстаздық қызмет атқарып, сабақ берді. Ұстаздық қызметінің алғашқы кезінен-ақ өнер-білімнің рөлін жоғары бағалап, қазақ мектептеріне арнап оқу құралдарын жазуды, оқушыларға тəлім тəрбие, білім беру əдістерін жасауды өз алдына бірінші міндет етіп қойды. Халқының болашағы үшін аянбай еңбек етіп, артына өшпес рухани мұра қалдырған қайталанбас тұлға туралы əр жылдары əр түрлі пікірлер айтылып жазылғаны белгілі. Барыңды бағалай білу ата-бабалардан қалған рухани мұраларды қалдырмай жинап, асылындай ардақтап, көзінің қарашағындай сақтап, ақыл таразысына тартқанда ғана, өткеннің дұрысы – өнеге, бұрысы – бүгінге сабақ болмақ. Халқы үшін талмай еңбек еткен Ыбырай Алтынсариннің əрбір қадамы өз кезеңінен бастап қазірге дейін жастарға үлгі-өнеге. Ағартушылық қызметі, үй тұрмысы, жанұя жағдайындағы көрегендігі мен кішіпейілділігі. Ол жиып-терген ғылыми кітаптардың да қазақ мəдениеті үшін мəні зор.

Жансая БАЯТБЕК,
Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.