ӘЛЕУМЕТ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 09.04.2019
Оқылды: 429 Печать страницы

ӘЛДИБЕК ДОСЫМБЕКОВ: «9 сәуір күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел алдындағы өзінің алғашқы Үндеуін жария етті.

Еліміздің президентін анықтайтын сайлаудың осы жылдың 9 маусымында өтетіндігін мәлімдеді. Бұл біздер үшін үлкен жаңалық дер едім.

Қазақстан халықаралық жүйеде өзінің лайықты орнын бекемдеген мемлекет. Бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындайды. Өткен айдағы болып өткен оқиғаларға сүйенер болсақ, қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Бәріне белгілі, жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысқан болатын. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы айтпақшы, алдағы сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтетініне сенімдімін. Бұл  жолғы мерзімінен бұрынғы сайлау толығымен заң аясында өтеді және елдегі әлеуметтік, саяси, рухани салаларды тиімді дамытуға әсер етеді. Тез өзгеріп, мың құбылып тұрған заманда ішкі және сыртқы саясатты ұстап тұру үшін елдің басшысы қажеті екені сөзсіз.
Бұл бүкіл республика көлеміндегі аса маңызды оқиға. Өйткені, еліміздің келешегі сіздер мен біздердің таңдауымызға байланысты. Еліміздің кемел келешегі үшін дұрыс таңдау жасайық!»
 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.