ӘЛЕУМЕТ

Талдықорғанда" Ashyq " жобасы бойынша 106 бизнес субъектісі жұмыс істейді

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 13.05.2021
Оқылды: 1567 Печать страницы
Талдықорғанда

2021 жылғы 14 сәуірден бастап "Ashyq" пилоттық жобасы Талдықорған қаласында енгізіле бастады, осының арқасында 106 нысан карантин кезінде талаптарды сақтай отырып жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды. Бұл туралы "JETISÝ MEDIA"ақпараттық алаңында белгілі болды.

"Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №12 қаулысы бойынша қоғамдық тамақтану объектілері жұмыс күндері 20.00-ге дейін жұмыс істесе, ал демалыс күндері олар жабық болады. "Ashyq" жобасы бойынша демалыссыз таңғы сағат 7-ден түнгі 2 - ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, бірақ өңірдің санитариялық дәрігері белгілеген барлық санитариялық нормаларды сақтай отырып және ойын-сауық, жаппай мерекелік, отбасылық іс-шараларды, оның ішінде банкеттер мен ауыз ашарды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанын ескерген жағдайда әдеттегіше қызметін жалғастыра алатын болады, - деп хабарлады Талдықорған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Мелдебаев.

Мониторингтік жұмыстар барысында кәсіпкерлер арасында барлық талаптарды сақтамағандар да болды. Талдықорғанның мейрамхана кешендерінің бірінен 15 адамға арналған ауыз ашар отбасылық іс-шарасын өткізу фактісі табылды. Нысан "Ashyq" жобасының қатысушысы болып саналады және бүгінде "Apriori" мейрамхана кешенін жобадан 2 аптаға алып тастау туралы мәселе көтерілуде. Ережені бұзу қайта анықталған жағдайда нысан 2 айға жобадан алып тасталады.

Барлық қабылданып жатқан шараларға қарамастан, облыс орталығындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай шиеленісе түскенін атап өту қажет. Талдықорған қызыл аймақта орналасқан.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.