ӘЛЕУМЕТ

Мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясы

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 14.05.2021
Оқылды: 1768 Печать страницы
Мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясы

 12 мамыр күні  жетінші  шақырылған Көксу ауданы мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясы онлайн режимінде өтті. Депутат Инна Кан  төрағалық еткен мәжілісте сессия  күн тәртібіндегі екі мәселе қаралды. Оған аудан әкімі Алмас Әділ мен  мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков,  «Nur Otan» партиясының төраға орынбасары Мәлік Бейсенов, мәслихат  депутаттары мен әкімдік мүшелері қатысты.
Сессияда  депутаттар назарына 2021 жылға арналған аудан бюджетіне еңгізілген өзгерістер таныстырылды. Баяндамашылардың сөзіне сүйенсек облыстық бюджетті нақтылау кезінде аудан бюджетіне талай     шаруаға  қаражат қарастырылған.  Оның ішінде: аудан әкімідігінің екі ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына, Жетіжал ауылының мәдениет үйінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына,  - Бесқайнар, Жарлыөзек, Мұсабек ауылдырының жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге, Мұқаншы, Мұқыры ауылдық округінің елді мекендерінде көше жарығын орнатуға ЖСҚ-ны дайындауға, даму бюджеті бойынша Балпық би ауылындағы Дарабоз ана, Ауезов көшелерінде блокты-модулдік қазандықты орнатуға ЖСҚ-ны дайындауға, бірнеше елді мекендерде воркаут балалар ойын алаңын орналастыру және тағы басқа көптеген шаруалар бар.
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты онлайн режимде өткен сессияда аудан басшысы әлемді жайлаған індеттің  таралуына жол бермеуге, азаматтардың денсаулығын қорғауда, карантин кезінде тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында депутаттардың белсенділік танытып, халыққа көрсеткен көмектерін ерекше атай келе депутаттық корпусына алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына  сәттілік тіледі.


Айгүл АЙМАНБЕКОВА,
аудан маслихатының депутаты.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.