ӘЛЕУМЕТ

Айнала тазалығы-ауыртпалық емес

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 21.05.2021
Оқылды: 1456 Печать страницы
Айнала тазалығы-ауыртпалық емес Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2019Ж 26 Желтоқсан да Тұрғын үй комуналдық шаруашылығындағы мәселелері жөніндегі заңнамалық тәртібіне өзгертумен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаны белгілі. Осы өзгертулерге сәйкес 2022Ж 1шілдесіне дейін, жеке пәтер иеленушілері коперативтері жойылып, орнына басқарудың жаңа түрлері жәй серіктес(ЖС) немесе мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) таңдалуы керек болғандықтан, бұл жұмыс барлық жерде жүргізіліп, басқарудың жаңа заңдарына көшу мәселесі мемлекеттік бақылауға алынған болатын. Сондықтан Алматы облысы тұрғын үй комуналдық шаруашылығы және құрлыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы жұмыс жасауда. Комиссия мүшелерінің жергілікті жердегі жағдайлармен танысу мақсатында, бүгін аудан әкімдігінде тиісті мемлекеттік органдардың жауаптылары, мәслихат депуттарының қатысуымен пәтер иеленушілері өкілдерінің кездесуі өтті. Жиында қаралған мәселелер бойынша, Көксу ауданы тұрғын үй комуналдық шаруашылығының және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Көкетаев Айдос Исенбекұлы баяндама жасады. Баяндамада аудан көлемінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлерді жаңа форматта басқаруда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоба-жоспарлар талқыланды. Жаңа заң туралы тұрғындарға түсіндіру барысындағы артықшылықтармен қиындықтар сөз болды. Қорыта айтқанда, комуналдық шаруашылықта тек үкіметке ғана иек сүйеуге болмайды. Әрбір тұрғын өз айналасының тазалығына баса назар аударып, үкімет тарапынан атқарылып отырған шараларға тығыз сәйкескені абзал. Айнала тазалығы ауырпалық емес, тазалық-денсаулық кепілі! екендігін ұмытпайық! Әмина АДАЙХАН
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.