
Кез-келген пенде мойындайтын даусыз ақиқат: туу рас, өлім хақ. Алла берген ғұмырда жарқын із қалдыру бойында ізгілік толы адамның мұраты болса керек. Бейсен Құранбек Тал-Бесіктен Жер-Бесікке дейінгі тірлігінде күш жігерін, білімін туған еліне аянбай жұмсады, Тәуелсіз мемлекетіміздің еңсесін тіктеуде мемлекеттік тілімізді, тағылымы зор ұлттық салт- дәстүрімізді, достық пен бірлікті ұлықтау жолында айтарлықтай үлес қосты. Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауы- лында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауап- ты хатшы қызметінен бастаған. Ал қалған ғұмырын қазақ телевизия- сымен байланыстырып, «Рахат», «31-арна», «Хабар» арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған. 2007-2012 жыл- дары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры бол- ды. 2013-17 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік- тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы «Қарекет» бағдарламасын жүргізді. 2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды. Бейсен Құранбек ар мен намысты, қажыр мен қайратты, міндет пен парызды әрқашан қатар ұстап өткен елжанды азаматтардың бірі еді. «Меніңше, қазіргі қоғамда өз орныңды табу үшін адамға кемінде екі нәрсе қажет. Біріншісі - кәсіби біліктілік. Яғни, өз ісіңнің қыр- сырын жақсы білу, ұңғыл-шұңғылын жетік игеру. Екіншісі - айналаңдағы адамдармен, әріптестермен, басшылармен, қарамағыңдағы қызметкерлермен, тіпті отбасыңның мүшелерімен жақсы тіл табысу»,- деп жазған еді. Бұл әр маман иесіне өмірлік ұстаным болар сөздер деп есептеймін. Ұйымдастырушылық қабілеті мықты, жауапкершілігі мол азамат жаны жаралы жандардың жанына үңіліп, жан жарасын емдеу- ге қолынан келген көмегін аямаған азамат еді. Табиғи болмысымен ерекше, ұлттық мәдениетті, тарихты жан-жақты білетін, рухы биік тұлға ретінде өз ортасына сыйлы болды. Адамның бақыты деген, сірә, ердің еліне сіңірген еңбегімен, халық алдында алған абыройымен өлшенсе керек. Ол кісінің өмірі қысқа болса да, мағынаға толы нағыз бақытты ғұмыр болды деп ойлай- мын.
Гульзира Ахметова,
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.