ӘЛЕУМЕТ

«Үндеуге-қолдау»

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 09.04.2019
Оқылды: 459 Печать страницы
«Үндеуге-қолдау»

«Тарихи сәтке куә болып отырған, тәуелсіз елдің жастарымыз. Біз Елбасының салған даңғыл жолымен келеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде айтқандай, жастарға үлкен сенім артты. Сондықтан біз, жастар бұл жолды әрі қарай жалғастырамыз. Елімізді дамытуға бар күш-жігерімізді саламыз. Қазір Астананың атауын өзгерту туралы халық көп пікір білдіруде, соған қарамастан, біз Нұр-Сұлтан атауы да болашақта жаңа бренд болып қалыптасатынына сенімдіміз». Бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеуі жариялап, кезектен тыс Президенттік сайлау қашан өтетінін мәлімдегендігі біз  үшін көптен күткен жаңалықтардың бірі болды. Біз Елбасының сара жолымен жүреміз. Халқымыз – біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым. Алдағы Президент сайлауы осыған дәлел болуы керек. Сондықтан, елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет. Оның үстіне, әлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр. Бұл Отанымыздың қауіпсіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін.-деді мемлекет басшысы өз сөзінде. Өте дұрыс қадам. Кез келген бағдарламаға саяси қолдау қажет. Ал ол үшін саяси мандат пен жаңа мүмкіндіктер болуы керек. Мұның барлығы сайлаудан кейін пайда болады. Елбасының үндеуін мұқият тыңдаған біздер
Бір жағадан бас, бір женнен қол шығара отырып жастарымызды алдағы болатын кезектен тыс президент сайлауына
 белсене ат салысуға шақырамыз.

 

Көксу ауданының жастар ресурстық орталығының маманы Айгерім Артамонова

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.