ӘЛЕУМЕТ

АЗАТТЫҚ ТАҢЫН АҢСАҒАН АЛАШ АРЫСЫ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 21.05.2021
Оқылды: 1669 Печать страницы
АЗАТТЫҚ ТАҢЫН АҢСАҒАН АЛАШ АРЫСЫ

Мемлекет және қоғам қайраткері, алаш көсемі, халқымыздың біртуар перзенті – Әлихан Бөкейхановтың туғанына биыл 155 жыл. Халқының жарқын болашағына, елінің азаттығы жолында аянбай қызмет еткен ұлы тұлғаның тарихтағы алар орны ерекше. ХХ ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі үшін күрескен Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов 1866 жылы 5 наурызда қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Молдадан әліпби үйреніп, одан кейін 3 жылдық мектепте оқыған ол Омбының техникалық училищесін, Санкт - Петербургтегі Орман шаруашылығы институтыныңэкономика факультетінде оқыды. Ә.Бөкейханов – қазақтың басын біріктіріп, ерікті ел болуын көксеп, сол мақсатқа жету жолына өз бойындағы бар қасиетін: ақыл-ойын, өнер-білімін, арнаған адам. Ұлы тұлғаның: «Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана», – деген сөзінен қазақ халқын бостандыққа апа-ратын бір жол ынтымақ еді, биыл еліміздің өз тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатқан бүгінгі азат заманда да ынтымақ керек. «Жер десе дірілдемей болмай-ды: жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры», – деп айта жүріп, қай билікте жүрсе де жер тағдыры үшін тынымсыз күрес жүргізді. Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі?Демейді қандай қазақ оны оң көзі,Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан, Талассыз жеке дара тұр ғой өзі, – деп жырлаған С.Торайғыровтың өлеңінен, Ә.Бөкейхановтың қарапайым халықтың құрмет-қошеметі мен зиялы қауым өкілдерінің алғысына ие болған азаматтық бейнесін толық көргендей бола-мыз. Ол «Ғұмыр бәйгесінде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар», – деп қазақ тарихы мен қазақ тіліндегі ғылымды қалыптастыруды мақсат етті. Ә.Бөкейханов: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын». – деп ертеден-ақ халқы алдында серт беріп, сол сертіне ақырғы демі біткенше адал болып өтті. Ұлт көсемінің мұраттары мен асқар мақсаттары, қымбат мұралары келешек ұрпақтың есінде мәңгі қалады.

 

Гүлсара Бүрлібаева,

Мәмбет ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.