ӘЛЕУМЕТ

Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 21.05.2021
Оқылды: 1715 Печать страницы
Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық.

 

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жылда-ры - тарихымыздың ақтаңдақ беттері талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген сол бір естен кетпес қаралы оқиғалар, өз ұлтының асыл арманын, елін, жерін тастап, зорлықшыл тәртіптің нақақ құрбанына айналған алма-стай асыл азаматтардың қатал тағдыры ащы болса да шындық.Сол замандағы қуғынға ұшырап, күштеп қоныс аударылғандардың бірі- әзірбайжан халқы Көксу жерінен пана тапқан кеңпейіл қазақ халқының дархандығын әлі ұмытқан жоқ. Көксу ауда-нын өз туған жерім деп са-найтын бүгінгі ұрпағы аудан-да «Нахичевань» әзірбайжан этно-мәдени орталығын құрып, бір үйдің баласын-дай тату-тәтті ғұмыр кешуде. Сондай- ақ, аудандағы кәріс, орыс, ұйғыр, татар, шешен халықтары да халықпен ете-не араласып, тәуелсіз, еркін ғұмыр кешуде. Репрессияға ұшырап, жер аударылған халықтың сол қиын-қыстау кездегі тағдырымен қатар, жергілікті қазақ халқына да ауыр соқпады. Ашаршылық белең алған қиын-қыстау заманда өз басына күн туса да кеңшілік танытып, өздеріне мүлдем бейта-ныс адамдарды бауырына басқан қазақ халқының сол кездегі әрекеті күні бүгінге дейін кеңпейілділіктің, бауырмалдықтың жарқын үлгісі болып қалды. Елбасымыз: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты м а қ а л а с ы н д а : «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай»,- деп атап көрсеткеніндей, біздің жалпы ұлттық идея-мыз - «Мәңгілік Ел» болуы тиіс. «Біздің Тәуелсіздігіміздің тарихы - бұл барлық этностар достығының жылнамасы. Біздің елімізді өркендетуге Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық этностық топтардың өкілдері атсалысып келеді», - деп атап өткен еді. Тәуелсіз Қазақ елінде тұрып жатқан, Қазақстанды туған Отаным деп сүйіп, қастерлейтін, адал еңбек етіп, Отанымыздың гүлденуіне үлес қосып келе жатқан ұлттың бірі– әзірбайжан ұлты. Әзірбайжан ұлтының қазақ жеріне келу та-рихы тереңде жатыр. Сонау 1937-1938 жылдары Кеңес Одағының басшысы Сталиннің нұсқауымен жүргізілген жап-пай саяси қуғын-сүргіннің және ашаршылық кесірінен қаншама адам жазықсыз жазаға тар-тылды, жалған айып тағылып, абақтыға жабылды, көпшілігі атылды, жер аударылды. Бүгінде Қазақстанда, ауданымыздағы Теректі ауылында тұрып жатқан әзірбайжан ұлтының өкілдері осы саяси қуғын-сүргіннің құрбандары болып, қайғы-қасірет шегіп, жер аударылып келгендер. Олар Қазақстанға тауарлы поезбен жеткізілді. – «Ол кезде жергілікті қазақ халқы да қиын жағдайда еді. Бірақ олар өздерінің кең пейілді, бауырмал қасиеттерімен қарсы алды, бір үзім наны бар болса жартысын үзіп берді. Сөйтіп, қазақ халқымен бірге еңбек етіп, бірге оқып, бүгінгідей дәрежеге жеттік. Соның бірі – мен өзім. Ауданның азаматы ретінде дамуына, өсіп, өркендеуіне әзірбайжан ұлты бүгінде әр сала-да өз үлесімізді қосып келеміз», - дейді аудан тұрғыны, ол кезде мектеп қабырғасында бала, қазір зейнеткер Мамед Алиев. Бүгінде «Нахичевань» әзірбайжан этно-мәдени орталығының 1500-дей мүшесі бар. Оның ішінде әр салада жемісті еңбек етіп, республиканың, облыстың және ауданның қоғамдық өміріне араласып жүрген белсенді азаматтар бар. - Сталиндік репрессияға ұшырағандардың бірі менің анам еді, деп еске алады Айнагүл Байсақова. Сонау 1943 жылы Кавказдан болгарлар мен әзірбайжандарды жер аударғанда менің анам отбасымен Мұқыры ауылына қоныстаныпты. Жергілікті тұрғындардың жылы қабақ танытқанынан олар тез сіңісіп кетеді. Небәрі 13 жастағы Лейла Мустафақызы өзінің зеректігімен, еңбексүйгіштігімен ерекшеленетін. Кейін 19 жасында 10 жылдық Қазақстан ауылының қазақ жігіті, менің әкем Дүйсебайға тұрмысқа шығып, бақытты отбасы, үлкен шаңырақ болды. Талай жыл осы ауылда еңбек етіп, колхоз жұмысына араласты, балабақшада меңгеруші болып қызмет атқарды. Қазақ халқына келін болып сіңісіп кетті. Оның өзі қазақ халқының өзгені жатсынбайтын асыл қасиеті деп білемін-, деп есептейді. Елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтап, баянды етуіміз үшін әрқайсымыз оған үлес қосуымыз керек. Ел бірлігі барда шешілмейтін тірлік жоқ. Бір шаңырақ астында тату-тәтті сүріп жатқан өміріміз, табысты тірлігіміз баянды болсын.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.