
Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы–сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасының қамқоршысы мен тіреуі – ер азаматы, шаңырағының шырайын келтіріп, ырысын еселеп, ынтымағын қамтамасыз ететін – адал жары, сол шаңырақты береке мен мерекеге толтыратын бақыты – балалары. Әкеден көрген өнеге мен анадан алған тәлім – баланың өмірлік бағдаршамы болмақ. Яғни, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Менің бүгінгі мақалама арқау болып отырған кейіпкерлерім қоғамда өз орны бар өзгеден ерек өнегелі отбасы жайында болмақ.
Ауданымызда өзге ұлт өкілдерінен құралған ерлі-зайыптылар аз емес, сондай отбасының бірі Мейіровтар әулеті. Отағасы Бағдат Мейіров 1970 жылы Сарқант ауданында туылған. Бірақ осы киелі Көксу ауданына қоныс аударып тұрып жатқандарына 10 жылдан астам уақыт болыпты. Мамандығы есепші. Ал тағдыр таңдаған жары әзірбайжан ұлтының қызы Жәмилә Керімқызы. 1980 жылы Балпық би ауылында туылған. Жерлесіміз 1997 жылы мектепті бітіріп, Талдықорған қаласындағы медициналық колледжге түсіп, дәрігер мамандығын алып шығады. 2000 жылы облыстық аурухананың хирургия бөліміне жұмысқа орналасқан. Бір қызығы өзінің өмірлік серігі, сүйікті жа-рымен дәл сол жұмыс орнында 2005 жылы танысқан. Яғни, сол уақытта жары Бағдат Жәмилә істеп жүрген емханада ем алып жатқан. Осылайша науқас пен дәрігердің таныстығы үлкен махаббатқа ұласқан. «Жолдасым өзімнен он жасқа үлкен болса да, ара-қатынасымыз бен бір-бірімізге деген құрметіміз ерекше. Ол мені нағыз қазақтың келіні етіп тәрбиелеп шығарды. Екі ұлттың адамы болғанымызбен, бізде барлығы ұқсас. Тек салт-дәстүрімізде азғантай ғана айырмашылықтар бар. Бірақ мен барлығын түсініп, барған жерімнің яғни қазақ елінің қасиетін бойыма сіңіріп, бар болмысын қабылдадым. Бізді танымайтын жандардың көбісі менің өзге ұлт өкілі екенімді тіпті байқамай қалып жатады. Себебі, әрдайым қазақ халқының салт-дәстүрін ұстанамын. Дегенмен, жолдасымның да менің туысқандарыма деген ілтипаты жоғары. Отбасылық дәмге ке-лер болсақ, қайын жұртым әзірбайжан ұлтының тағамдарын сүйсініп жейді. Ал менің отбасым керісінше қазақ халқының ұлттық тағамдарын ұнатады. Айта бер-се, айырмашылық пен ұқсастық, қиындық пен қуанышты сәттер жетерлік. Не болса да тағдырыма ризамын. Түсінгенім махаббат ұлтқа да, жасқа да қарамайды екен. Аллаға шүкір бүгінде үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған бақытты отбасымыз»,- деді Жәмилә Керімқызы.ТҮЙІН: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқа еш нәрсемен өзгертуге бол-майтын баспалдақ. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді де-ген жүйесі де алмастыра алмай-ды. Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. «Әке – асқар тау, ана – етегіндегі бұлақ, бала-жасындағы құрақ» - деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетініне күмәнданбаймын. Ой қорытындым, «Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген, мақтан етер ұрпағымыз көбейсін. Ұрпағына мақтаныш бо-лар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақтың әр отбасының керегесі кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.