
Су – тіршіліктің қайнар көзі, өмірдің қуаты. Сондықтан да «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтылмаған болса ке-рек. Біз суды орынсыз және босқа пайдаланбауымыз ке-рек. Су болмаса өмір болмай-ды, себебі айналадағы өмірге қажеттінің барлығы сумен бай-ланысты. Ал адамзат алаңсыз өмір сүріп жатқан осынау жер шарында жылдан жылға су мөлшері азайып бара жатқаны алаңдатарлық жағдай. Мысалы; Арал мен Каспий теңізінің суларының тартылуы, әлемнің басқа да жерлерінде суды көп пайдаланғаннан емес, жер шарымыздың экологиялық мәселелеріне байланысты екенін ғалымдар дәлелдеп шықты. Ендеше, су қорларының деңгейін сақтап қалу үшін, су шаруашылық кешендерін үздіксіз жетілдіріп отырған дұрыс. Су қорын қорғау және тиімді пайдалану шаралары мен техникалық шешімдері бойынша әртүрлі, оның барлығы кешенді шараларды жүзеге асыруды та-лап етеді. Сонымен қоса, судың сапасы нашарламау керек. Біз осының барлығын қазіргі кезден бастап, болашаққа суды және тағы басқа маңызды заттар-ды жақсы қалпында қалдыруға міндеттіміз.Көксу бас су бөгеті пайдалануға 1963 жылы берілген. Кеңес Одағы кезінде бұл ауданда 24000 гектар жер суарылған. Ал қазіргі таңда суа-рылатын алқаптар бірнеше мың гектарға азайған. Көксу бөгетінде суды шаруа қожалықтарына жіберу үшін арнайы техникалық құрылғылар жетіспейді. Бөгетпен барлығы 950-ге жуық ша-руа қожалығы келісім шартқа отырған.Үстіміздегі жылы аудан бой-ынша ауыл шаруашылығы егіс көлемі 31710 гектарға себілді. Оның ішінде 19495 га суғармалы егістік, 12215 га тәлімді егістікті құрайды. Биыл барлық себілген дәнді – дақылдардың көлемі 11221 га, оның ішінде бидай - 3742 га, арпа - 5284 га, дәндік жүгері – 2195 га. Жаздық дәнді дақылдар толығымен себілді. Майлы дақылдар – 10395 га, майбұршақ – 10082 га, мақсары – 213 га, күнбағыс -100 га себілді. Техникалық дақылдар - қант қызылшасы -2600 га, картоп – 1051 га, көкөніс – 885 га, бақша -140 га. Өткен 2020 жылмен салыстырғанда қант қызылшасы – 5,4%, дәнді дақылдар – 17,5% егістік көлемі ұлғайды. Мал азығы дақылдарының көлемі - 5318 га, 125 га сүрлем жүгері, 3944 га - көп жылдық шөп, 1249 га - бір жылдық шөп. Қант қызылшасы 2600 га себіледі. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компания-сы арқылы 66 шаруа қожалық 1117 қант қызылшасының себу бірлігін алды. Сонымен қатар ЖШС «Қамқорлық» арқылы 1017 кг қант қызылшасы тұқымын 12 шаруашылық, басқа да тұқым өндірушілерден 496 себу бірлігін алынды. Ағымдағы жылғы себу науқанына жаздық дәнді - дақыл мен майлы дақылдардың тұқымы толығымен қамтылды. Қазіргі уақытта суғару жұмыстарына дайындық басталды. Көктемгі дала жұмыстарына 560 тн минералды тыңайтқыштар қолданылды. Басқада жеткізушілерден 340 тн сели-тра, 220 тн аммофос алынды.2021 жылға қазіргі уақытқа дейін жеке шаруа қожалықтар тарапынан 80 млн теңгеге 7 дана техника алынды, аудан бойынша 2959 дана техника тіркелген. Биыл Лабасы ауылдық округіне қарасты «Нұр төре» шаруа қожалығы да, бидай, қызылша, соя, жоңышқа қатарлы дәнді дақылдарымен қысқы мал азықтарын егіп, көктемгі егістік жұмыстарын жұмыла аяқтап, суғаруға дайын отырғандықтарын айтады.Мемлекет басшысы Жолдауында айтқандай, бүгінде суару кезінде суды жоғалтудың үлесі 40%-ды құрайды. Суды есептеу мен цифрландыру-дан сырт, мұнда фермерлердің түсіністікпен қарауы да маңызды, олар суды үнемдеп пайдала-нуы, Су жоғалтуды болдырмас үшін министрлік әкімдіктермен бірге вегетациялық кезеңге са-раптама жүргізген. Сараптама нәтижесі 2030 жылға қарай егістік алқабы 3 млн гектарға ұлғаятынын ескере отырып, су тапшылығын болдырмау ша-раларын қабылдау қажеттігін көрсеткен. Су тапшылығын жою үшін оңтүстік аймақтарда суды көп қажет ететін дақылдар алқабын біртіндеп азайтып, жаңа су қоймалары салынбақшы. Қолданыстағы каналдар жөнделіп, су есептеу жүйесі цифрландырылады. Суарудың үнемдеу технологиясын қолданбаса, егістік алқаптары көлемін ұлғайту мүмкін емес. Суды үнемдеп пайдалану мақсатында 2,8 шақырым 119 негізгі каналда 2025 жылға дейін су есептеудің цифрландырылған әдісін енгізу жұмысы жалғасады Аталған шаралар қосымша 8,3 куб км су жинауға және 1 гектар жерге кететін су көлемін 8,8-ден 6,6 мың куб метрге азайтуға мүмкіндік бермек.