ӘЛЕУМЕТ

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал жақсаруда

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 26.05.2021
Оқылды: 1484 Печать страницы
Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал жақсаруда

Алматы облысында соңғы 10 күнде коронавирус инфекциясы анықталған жағдайлардың саны 222-ден 96-ға дейін төмендеді. Сонымен қатар 3 күн ішінде ауруханаға жатқызылған адам саны да азайды. Бұл туралы өңірдің бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков мәлімдеді.

Эпидемиологиялық жағдайының жақсаруына әсер еткен факторлардың бірі халықты «COVID-19-ға» қарсы вакцинациялаудың қарқынды жүргізілуі себеп болып отыр.

Облыста коронавирустық инфекцияларға қарсы вакцинация жүргізу үшін 244 егу пункті, 67 мобильді бригада, 17 жылжымалы медициналық кешен тартылған.

Айта кетейік, вакцинаны сақтау үшін 153 мұздатқыш камера, 272 белсенді термоконтейнер бар, вакцинаны тасымалдау үшін тағы 80 белсенді термоконтейнер жеткізу күтілуде.

«Облысқа I компонентті вакцинасының 225 350 дозасы және II компоненттің 184 710 дозасы жеткізілді. Бүгінгі таңда 211 624 адам I компонентпен егілді, 119 081 адам вакцинацияның екінші бөлігін қабылдады. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарда I компоненттің 14 920 дозасы және II компоненттің 65 610 дозасы бар», - дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Әбілсейітұлы.

Жалпы өңірде 753 пациент ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 465 адам үйде оқшаулау жағдайында, 288 адам аурухананың инфекциялық бөлімшелерінде емделіп жатыр.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.