ӘЛЕУМЕТ

Мемлекеттік қызмет көрсету - басты міндетіміз

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 27.05.2021
Оқылды: 1495 Печать страницы
Мемлекеттік қызмет көрсету - басты міндетіміз

Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысының саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды.
Соның ішінде мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды.
Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда.
«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» - деп атап өткен. Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет.
Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.
Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тәуелді, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.
Ел Президентінің  жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында  тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру  маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді.  Елбасының  айқындап берген  тапсырма, міндеттеріне сәйкес,   2013 жылдың 15 сәуір күні «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз: қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:
- көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
-   мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
Жоғарыда атап өткендей, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.
Сонымен қатар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес   Алғабас ауылдық округінде «Электрондық үкімет» порталы бойынша  халыққа мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Әкімшілік ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету туралы стендтер ілінген, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орналастырылған.  Қазіргі кезде ауыл тұрғындары өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы керекті құжаттарын алып, қолдануда.
Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қандай түрлері бар, оны қалай алуға болатындығы туралы, бұл қызметтерді міндетті түрде электрондық сандық қолтаңба керек екені жөнінде халыққа түсінік жұмыстары тұрақты түрде  жүргізіліп тұрады.
Мемлекеттік қызмет көрсету біздің басты міндетіміз!


 Күлсін Сырдарбекқызы,
Алғабас ауылдық округінің бас маманы.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.