ӘЛЕУМЕТ

Мемлекет көмегімен кәсіп ашты

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 27.05.2021
Оқылды: 1606 Печать страницы
Мемлекет көмегімен кәсіп ашты

Көксу ауданында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жұмысы қарқынды. 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының  жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арнайы мемлекеттік грант та қарастырылған. Осы уақыт ішінде аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы  297 адам өз кәсібін ашып үлгерген. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының  екінші бағыты жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға  арналған  мемлекеттік грантқа қатысып, өз кәсібін бастаған жандардың бірі - Жандос Қанабатыров.
-Мен бұған дейін шекара қызметіндегі әскери адам болған едім. Қазіргі уақытта запастағы аға лейтенантпын. Алакөл ауданында, Павлодар, Алматы, Қостанай, Қызылорда қалаларында қызмет еттім.  Алайда, берекенің бастауы ауыл деген тоқтамға келіп, 2013 жылдың қазанында Балпық би ауылына келіп, осында нәпақамды табуға бел будым. Алғашында ата-анамның шаруаларына көмектесіп жүрдім. Кейін келе, мал шаруашылығына бір жола кірісіп кеттім. Осы салаға мемлекеттен қолдау көрсетіледі дегенді естіп, Көксу аудандық жұмыспен қамту бөлімінен анық-қанығын біліп, 2020 мемлекеттік грант бойынша жергілікті әкімшілік арқылы 2 бас сиыр алдым.  2021 жылы   «Көксу  ауданы  жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесіне келіп,  жеке кәсіпкер ретінде  мал шаруашылығына «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» бағдарламасының  екінші  бағыты шағын несие алуға  өтініш білдірдім. Өтінішім  мақұлданып  «Ауыл шаруашылығын  қаржылай  қолдау  қоры» акционерлік  қоғамы арқылы өз ісімді  кеңейтуге төрт миллион теңге  шағын  несие берілді. Алған несиеге 14 бас ірі қара сиыр малын  алдым. Шағын несиенің арқасында өзімнің жеке ісімді кеңейтіп, жеке кәсіпкер ретінде  сүт өнімдерін: сүт, құрт,ірімшік, сары май, кілейгей, айран, өнімдерін жұбайым Ботагөз жергілікті тұрғындарға сатып,қосымша табыс табуда. Негізінде, кез-келген істі бастауда қорықпау өте маңызды. Өзіңіздің жасай алатыныңызға сенімді болсаңыз қалғаны уақыт еншісінде. Жалпы кәсіп бастауға менің ұл-қыздарым күш-жігер берді. Бір жұмыспен ғана айналысып, отбасымның қажеттіліктерін өтеу қазіргі нарық заманында оңай шаруа емес, сондықтан да тәуекелге бел буып кірісіп кеттім-, дейді кәсіп иесі.
Жандос Байбазарұлы жасы 39-да, отбасында 4 баланың 3-шісі. Өзі көпбалалы отбасында дүниеге келгендіктен, өзінің де шаңырағын үлкен болғанын қалаған. Бүгінде жұбайы Ботагөз екеуі 6 баланың ата-анасы. Балаларының барлығы үлгілі, үздік оқушылар қатарында. Ботагөз кішкентайымен бала тәрбиесіне көңіл бөлуде. Жалпы отбасында балаларының білімді, еліне, Отанына пайдасын тигізетін елінің азаматтары болып өсуін қалайды.
 «Жас келсе – іске» дегендей, кәсіп бастауға жүрексініп жүргендерге аудандық жұмыспен қамту орталығы қол ұшын беріп, қаншама азаматтардың өз ісін бастап кетуіне көмектесіп жатыр.
Расында, мемлекет тарапынан шағын және орта бизнеске беріліп жатқан көмектер жұмыссыз, алайда өз ісін бастағысы келетін жандарға бағытталған. Бұл өз тарапынан ауданымызда талай кәсіпкерлердің өз бизнестерін бастауға арқау болуда. Айта кетерлігі сол, мемлекет тарапынан берілетін гранттар мен несиелер жергілікті әкімшіліктің бақылауында. Және де барлық бизнес-жобалар Көксу ауданы әкімі жанынан құрылған арнайы комиссияның жіті тексерісінен өткен соң ғана кезек бойынша берілетін болады.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.