ӘЛЕУМЕТ

Өнер мен мәдениет егіз ұғым

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 27.05.2021
Оқылды: 1695 Печать страницы
Өнер мен мәдениет егіз ұғым

Қай кезеңде де қай елде болмасын мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының айнасы, бағдарлы болашағының бастауы. Мәдениеттің өсуі – елдің өсуі, ұлттың өсуі. Тәуелсіздігіне тәубе етіп, Мәңгілік Ел болуды мұрат тұтқан халқымыздың рухани бай дүниесінің өлшемі мен өресі де осы мәдениет пен өнер шоқтығында жатыр.
    Өнер мен мәдениет егіз ұғым. Бір-бірінсіз жетімсіреп тұратындай. Мәдениеттің мәйегі өнер арқылы дәріптеліп, халықтың құлағына жетіп жатады. Осы орайда, төскейінде берекенің қазаны қайнаған, босағасына бақ пен береке ұялаған, ақындық пен жыраулықтың ақ бесігі саналған киелі Көксу жерінде де мәдениет пен өнерді дамыту саласында атқарылып жатқан игі істер – ұлттық дәстүрді дамыту, өнер мен мәдениеттің өмірмен өзектестігін бағамдау, өнерді өнеге тұтқан елдің рухани дүниесін байыту мақсаттарын көздейді.

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Қаракөз Садықова, аудандық Мәдениет үйінің директоры Ермек Қыстаубаев және барша өнер саласының қызметкерлері қатысты. Шара барысында айтулы мерекемен Қаракөз Садықова құттықтап, өңірдің мәдениет саласының даму қарқыны мен өнер адамдарының еңбегін атап өтті. Сонымен қатар аудандық Мәдениет үйінің басшысы мәдениет саласында елеулі еңбек еткен жандарға арнайы марапаттар табыстады.
Атап айтқанда, 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын жүзеге асыруға атсалысып, еліміздің мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін, аудан әкімінің құрмет грамотасымен Мұқыры халық театрының актрисалары Айгүл Әліпбаева, Өркен Құдайбергенова, Парида Болат және Мәмбет ауылдық мәдениет үйінің директоры Жұлдыз Садықова мен Мәмбет ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гүлсара Бүрлібаева, аудандық кітапхананың кітапханашысы Ләззат Молдабаева марапатталса, аудан әкімінің орынбасарының Алғыс хатымен З.Тамшыбай ауылдық Мәдениет үйінің әдіскері Бақыт Иманбекова, Бесқайнар ауылдық клубының директоры Иса Әубәкір,  Алғабас ауылдық кітапханасының кітапханашысы Венера Қонысбаева, Мұқыры ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ақбөпе Тұрысбекова марапатталды. Сонымен қатар, ауданның мәдениет саласының дамуына қосқан белсенді үлесі үшін, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының  міндетін уақытша атқарушысы Қаракөз Сейітжанқызының Алғыс хатымен Ақтекше ауылдық Мәдениет үйінің директоры Қазбек Өмірбек, аудандық Мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Нұрлан Мамырбаев пен Еламан Сағатбеков, Бесқайнар ауылдық кітапханасының кітапханашысы Клара Тогайқызы, Мұқаншы ауылдық кітапханасының кітапханашысы  Мөлдір Байқұлова, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің есепшісі Жұмагүл Қабидолданова марапатталды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясының куәлігімен Бақытбек Саяси марапатталса, З.Тамшыбай атындағы ауылдық Мәдениет үйінің директоры Жанар Абдибекова Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаевтың дипломымен «Үздік мәдениет қызметкері» номинациясының жеңімпазы атанды.
Қазіргі таңда ауданымызда 10 Мәдениет үйі, 3 клуб және 9 кітапхана халық игілігіне қызмет етеді. Онда қызмет етіп жүрген әр адам өңіріміздегі мәдениет пен өнердің дамуына үлес қосып келеді.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.