ӘЛЕУМЕТ

«Өзін-өзі тану» пәнінің тәрбие саласына тигізер маңызы

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 27.05.2021
Оқылды: 1720 Печать страницы
 «Өзін-өзі тану» пәнінің тәрбие саласына тигізер маңызы

Мектеп – халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта. «Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы - қаһарман», осылай екендігін тарих шежіресі көрсетіп отыр. «Бала тәрбиесі» киелі ұғым, онымен адам тағдыры шешіледі, ал білім тәрбие арқылы сіңеді. Егемен елдің келешегі – кемел біліммен ұлағатты тәрбиеге байланысты.
Өскелең елдің болашағы оның жас ұрпағының білімділігі мен тәрбиелілігімен өлшенетіні бүгінгі таңда ақиқатқа айналып отыр.
Білім берумен қатар саналы тәрбие беру- қоғамдық процесс, ол арқылы алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік маңызды тәжірибесі кейінгі ұрпаққа беріледі. Оқыту мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, тәрбие беру -баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.
Білімді жас ұрпақ тәрбиелеу тек қағидалармен шешілмейді. Мектеп қабырғасынан шыққан жас ұрпақ -білімді, мәдениетті, тәрбиелі болуы қажет, яғни мектептің өзі жекелей алғанда өзге білім ордаларымен бәсекеге қабілетті болуы тиіс.
Барлық бала жақсы және жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса, перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі. Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп бекер айтпаған.
Мектеп – халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта. «Тәуелсіз елдің ұлы-өжет, қызы-қайратты, халқы-қаһарман», осылай екендігін тарих шежіресі көрсетіп отыр. «Бала тәрбиесі» киелі ұғым, онымен адам тағдыры шешіледі, ал білім тәрбие арқылы бойға сіңеді. Егемен елдің келешегі – кемел біліммен ұлағатты тәрбиеге байланысты.
Өзін-өзі тану – бұл өзін тану мен тұлғалық, интеллектуалдылық ерекшеліктері мен қасиеттері, басқа адамдармен қарым-қатыныс, өз бойынан белгілі бір қасиеттерді қабылдау процесі. Өзін –өзі тану өзіндік сана құрылым компоненті ретінде әрекет етеді. Өзін-өзі тану аймағына және саласына сана, бейсана, адамның сыртқы және ішкі дүниесіндегі әрекет, тұлғаның позитивті сәйкестілігінің қалыптасуы, оның өзін өзі тануына қолайлы жағдайлар тудырып, өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді.
Тәрбие жұмысын тиімді жүргізуде бірден-бір құрал - баспасөз, теледидар, радио, тағы басқалары. Баспасөзде тәрбиелік мәні зор мақалалар жарық көріп, теледидарда тәлімдік мәні жоғары деректі кинолар көп көрсетіліп, тағылымды ойындар, жастарға ой саларлық қойылымдар ұсынылып тұрса, ұрпақ тәрбиесіне ықпалы мол болмақ.
Өз ойымды қорытындылай келе, «Тәрбиелі- тәртіптің құлы, Тәртіпті елдің ұлы »- деген қазақтың қайсар ұлы Бауыржан Момышұлының жақсы сөзін айта келе, алдарыңыздағы шәкірттеріңіз тәртіптің құлы, тәрбиелі елдің ұл-қызы болуына ықпал еткіңіз келсе, әр баланың, әр жасөспірімнің, әр ата-ананың бойына бес қасиет, ақиқат, дұрыс әрекет, қиянат жасамау, ішкі тыныштық, сүйіспеншілікті дамыта отырып тәрбиелей білейік. Ол үшін алдымен тәрбиелеуді өзімізден бастайық. Егер, өзімізді дұрыс тәрбиелер болсақ, өзгелерді тәрбиелеу қиынға соқпайтынына сенімім мол.

Гүлзат ӘБІЛЖАНОВА,
Талапты орта мектебінің педагог-психологі және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.