ӘЛЕУМЕТ

Қос жеңіске қол жеткіздік

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 03.06.2021
Оқылды: 1368 Печать страницы
Қос жеңіске қол жеткіздік

Қазіргі кездегі  пандемияға байланысты көптеген байқаулар, жарыстар онлайн бойынша  ұйымдастыруда.  Жуырда Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен облыс оқушылары арасында әскери-спорттық «Сардар» олимпиадасы және «Айбын» сайысы офлайн бойынша өткізілді. Бұл екі байқауда Талдықорған қаласындағы №7 Ушинский атындағы орта мектеп базасында  ұйымдастырылды. «Сардар» олимпиадасы бойынша аудан намысын Жамбыл, Ж. Егінбаев, Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектеп оқушылары қорғап қайтты. Бұл олимпиада да оқушылар, АӘТД, математика, физика, тарих пәндері бойынша тест  тапсырып,  келесі күні 100, 3000м жүгіру, кермеге тартылу, қаруды шашып, қайта жинау  түрлері  бойынша күш сынасты. Барлығы 52 оқушы қатысқан осындай олимпиаданың қорытындысы бойынша Жамбыл атындағы орта мектеп оқушысы Иемберген Айбек жалпы қорытындыда жүлделі 2 орынды иеленсе, Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектеп оқушысы Құрманов Медеубай қаруды шашып жинау  номинациясында 1 орынды жеңіп алды.  
 Әскери-спорттық «Айбын» байқауына әр команда құрамында 7 ұл, 3 қыздан жасақталған әр ауданнан келген командалар мылтық атудан, ұлдар кермеге тартылу, қыздар дене көтеруден, қаруды щашып қайта жинау, ОЗК (химиялық қорғаныс киімін уақытта кию), берти жаттығуы, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және әскери кедергілерден өту тәрізді номинациялары бойынша күш сынасты. Біздің ауданның намысын Жамбыл, Қ.Қ.Жалайыри, Ж.Егінбаев, Қ.Жапсарбаев, Р.Толқымбекұлы С.Қырықбаева және Қызыларық орта мектеп оқушылары қорғап, барлық номинациялардың қорытындысы бойынша жалпы командалық 3 орынды жеңіп алдық. Команданы дайындаған жоғарғыда көрсетілген АӘТД пәні мұғалімдеріне аудандық білім бөлімі атынан алғысымызды білдіреміз.
Қанат Абдильданов,
 команда жетекшісі.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.